Share

KMGE School бағдарламасына қатысушы студенттерге арналған мастер-класс

KMGE School бағдарламасына қатысушы студенттерге арналған мастер-класс

  • 31.03.2023
  • News-Kaz
  • Коммент өшірілген on KMGE School бағдарламасына қатысушы студенттерге арналған мастер-класс

«ҚМГ Инжиниринг» ЖШС және Қ.И. Сәтбаев атындағы ҚазҰТЗУ ынтымақтастығы аясында, және KMGE School бағдарламасына қатысушы студенттердің кәсіби білімін тарату және техникалық құзыреттілік деңгейін арттыру мақсатында 2022 жылдың қараша айында күндізгі мастер-класс форматында ҚМГИ ішкі тренерлерін оқыту іс-шараларының сериясы басталды.  

2023 жылғы 30 наурызда ҚМГИ модельдеу және мұнай беруді арттыру департаментінің Қабаттардың мұнай беруін арттыру бөлімінің ғылыми қызметкері Дарья Мушарова «Полимерлі суландыру технологиясы – скринингтен өнеркәсіптік енгізуге дейін» тақырыбында сөз сөйледі.

Мастер-классқа «Мұнай инженериясы» мамандығының 3 курсынан 40 студент, және де KMGE School бағдарламасы бойынша білім алушылар қатысты.

ҚМГИ ішкі жаттықтырушысы полимерлі суландыру негіздерін және жалпы мұнай беруді арттыру әдістерін сипаттады. Атап айтқанда, қарастырылып отырған технологиялардың қолданылу критерийлері мен әсер ету механизмдері бойынша материалдар ұсынылған. Спикер полимерлердің түрлері және су сапасының полимерлі ерітіндінің қасиеттеріне әсері, қолданылатын жабдықтар, полимерлі суландыру технологиясын Республикамызда және шетелде қолданудың күрделілігі, артықшылықтары мен тәжірибесі туралы айтып берді. Презентация барысында полимерлердің құрғақ ұнтағы мен негізгі дайын полимерлі ерітіндісінің нақты химиялық үлгілері көрсетілді, және де полимерлі суландыру тақырыбы бойынша бейне-материалдар ұсынылды.

Презентация барысында студенттер спикермен диалогқа қатысып, сұрақтарға жауап берді, баяндама тақырыбы бойынша өз пікірлері мен идеяларын білдірді, жаңа терминдер мен ұғымдарға түсініктеме берді.

Студенттерді қабаттардың мұнай беруін арттыру әдістері бағытында кәсіби дамуға ынталандыруға көп көңіл бөлінді. Студенттердің қызығушылығы студенттер мен қатысушы оқытушылардан оң кері байланыста, және де мұнай саласындағы перспективалық бағыттарға қатысты тақырыптарды, МБА заманауи технологияларына қатысты мәселелерді, оның ішінде полимерлі суландыру тақырыбы бойынша талқылауда көрінді

Бөлісу бағытындағы: