Share

KMGE School бағдарламасына қатысушы студенттерге арналған мастер-класс

KMGE School бағдарламасына қатысушы студенттерге арналған мастер-класс

  • 02.12.2022
  • News-Kaz
  • Коммент өшірілген on KMGE School бағдарламасына қатысушы студенттерге арналған мастер-класс

«ҚМГ Инжиниринг» ЖШС және Қ.И.Сәтбаев атындағы ҚазҰТЗУ ынтымақтастығы аясында, және де KMGE School бағдарламасына қатысушы студенттердің кәсіби білімін тарату және техникалық құзыреттілік деңгейін арттыру мақсатында күндізгі мастер-класс форматында ҚМГИ ішкі тренерлердің оқыту іс-шараларының сериясы басталды.

ҚМГИ геологиялық барлау департаментінің толық барлау қызметінің басшысы Жандос Шәріпов «Геологиялық-геофизикалық деректерді кешенді талдау негізінде барлау учаскелерінің болашағын бағалау» тақырыбында сөз сөйледі.

Мастер-классқа «Мұнай-газ ісі» мамандығының 50-ге жуық 3-4 курс студенттері, және де KMGE School бағдарламасы бойынша білім алушылар қатысты.

ҚМГИ ішкі тренері ТЭН жобаларын іске асыру процестерін, геологиялық бөлікті тереңірек баяндалды, келесі тармақтар шолып қаралды:

  • ҚМГ үшін ресурстық базаның бейорганикалық өсу қажеттілігі
  • ТЭН есебінің құрылымы мен мазмұны
  • Геологиялық-геофизикалық деректерді талдау, жүйелеу, қабылдамау
  • ГАЖ деректерін сапалық және сандық түсіндіру
  • Сейсмикалық барлау деректерін құрылымдық және динамикалық түсіндіру
  • КС ресурстары мен қорларын бағалау
  • Игеру, бұрғылау, жайластыру, экономика
Алынған білім практикалық жаттығулармен және тренердің сұрақтарымен нығайтылды. Студенттерді «қазіргі сәт» кәсіби дамуға ынталандыруға көп көңіл бөлінді. Студенттердің қызығушылығы оң кері байланыста, және де мұнай саласындағы перспективалық бағыттар мен мамандықтарға, ҚМГИ жұмысқа орналасу үшін қажетті құзыреттерге, заманауи бағдарламалық өнімдерге, бастапқы геологиялық-геофизикалық деректері бар ашық көздерге қатысты тақырыптарды талқылауда көрінді.

Бөлісу бағытындағы: