ABAI жүйесінің бірінші модульдері жүргізілді

ABAI жүйесінің бірінші модульдері жүргізілді

  • 17.11.2021
  • News-Kaz
  • Коммент өшірілген on ABAI жүйесінің бірінші модульдері жүргізілді

«Технологиялық режим» және «Терең сорғыш жабдығын таңдау» (ТСЖ) модільдері «ҚазМұнайГаздың» – «ABAI ақпараттық жүйесін дайындау» атты цифрлік түрлендіру Бағдарламасы жобасының аясында пайдаланысқа енгізілді.

ABAI АЖ ҚМГ Инжиниринг компаниясының дайындалуын және ҚМГ барлау және өңдеу бойынша өндірістік деректерді біріктіруге және оларды жасанды сана мен машиналық оқыту арқылы, және де жедел визуалдау арқылы өңдеу, талдау мүмкіндігін қамтамасыз етуге арналғанын еске салу қажет. Жүйе шамамен 20 тәуелсіз модульдерден тұрады, және әр модуль еншілес компаниялардың нақты өндірістік мәселелерін шешеді.  

«ҚазГерМұнай» БК ЖШС-де сынамалы режимде енгізілген «Технологиялық режим» модулі қол астындағы геологиялық-техникалық жағдайларда (ұңғыма асты қысымы, ұңғыма құрылымы және т.б.) үңғымаларда өңдеудің әлеуетті максималды көрсеткіштерін есептейді. Осының арқасында кенорынды өндірудің ең тиімді режимін таңдап алуға болады.

            Осы модульді дайында тәжірибелі маман қарамағында орындалуда – ҚМГИ өңдеу технологиясы мен ұңғыма ішкі жұмыстар қызметінің жетекшісі Нұрлыбек Данабаев. 2003 жылы Ш. Есенов атындағы Ақтау мемлекеттік университетінде мұнай факультетін аяқтағаннан кейін, «ӨзенМұнайГаз» АҚ-на (ӨМГ) өңдеу операторы жұмысына қабылданды. Келесі жылдары осы компанияда цех мастерінен департамент директорының орынбасарына дейін өсті. ҚМГИ компаниясында 2018 жылы жұмысын бастады, және қысқа мерзімде ABAI АЖ дайындау бойынша жоба тобына тартылды.

ӨМГ компаниясында пайдалануға енгізілген екінші модульді атап кетсек, ол есептеу үшін деректерді автоматты түрде жинақтау арқылы ТСЖ таңдау жылдамдығын арттырады және сапасын жақсартады. Осыған орай, ТСЖ дизайны, әрекеттегі ұңғымалар жұмысының режимі  оңтайландырылады және әрекеттегі және жаңа (бұрғылаудан шыққан) ұңғымалардың әлеуеттерін оперативті режимде бағалау орындалады. Бұл ретте, ТСЖ жиынтығының дұрыс таңдалуы ұңғыма ішкі жабдықтардың уақытынан ерте істен шығу жиілігін және ҚМГ ҰК АҚ кенорындарында орындалатын жөндеу жұмыстарының санын азайтады.

              Модульді дайындау жобасын мұнайгаз кенорындаран өндіру мен жобалауда және мұнайгаз саласында ғылыми-зерттеу қызметінде 20 жылдық өтілі бар ҚМГИ өңдеу технологиясы мен ұңғыма ішкі жұмыстар қызметінің сарапшысы Гүлзира Абдрахманова басқарады. Х. Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің Мұнай және газ институтын аяқтағаннан кейін Гүлзира түрлі жылдарда Ақтау қаласында «Мұнай және газ ҒЗЖИ» ЖАҚ, «Каспиан Энерджи Ресерч» ЖШС және «ҚазҒЗЖИмұнайгаз» АҚ жұмыс істеді. Содан кейін, оның кәсіби карьерасы «КИНГ» АҚ, «ҚазМұнайГаз ӨБТ ҒЗИ» ЖШС және ҚМГИ компанияларында жалғасты. ABAI жобасында Г. Абдрахманова 2020 жылдың тамыз айынан қатысады. 

Жобаның бірінші кезеңінде 2021 жылы жүйенің жалпы 5 модулі пайдалануға енгізіледі – «ABAI дерекқоры», «Визуалдау орталығы», «Қиыншылықтарды қадағалау», «Технологиялық режим» және «Терең сорғыш жабдығын таңдау». Екінші кезеңде ABAI жүйесінің тағы 12 модулі дайындалады.

Бөлісу бағытындағы: