Share

2022 жылғы «Бас геолог» модульдік оқыту бағдарламасы аяқталды

2022 жылғы «Бас геолог» модульдік оқыту бағдарламасы аяқталды

  • 15.12.2022
  • News-Kaz
  • Коммент өшірілген on 2022 жылғы «Бас геолог» модульдік оқыту бағдарламасы аяқталды

Оған «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ, «Ембімұнайгаз» АҚ, «Өзенмұнайгаз» АҚ, «Қазақойл Ақтөбе» ЖШС және «ҚМГ Инжиниринг» ЖШС қызметкерлері қатысты. Жоба ағымдағы жылдың тамыз айында «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Адам ресурстарын басқару департаментінің және ҚМГ геология блогының, сондай-ақ ҚМГ Инжинирингінің қолдауымен басталды.

6 модульден тұратын жобаны іске асырудың барлық кезеңінде геологтарға барлау және геология, кен орындарын игеру, бұрғылау және жайластыру, сондай-ақ мұнай-газ экономикасы саласында жеке-іскерлік және кәсіби құзыреттерді

Бүкіл оқу процесінің соңғы кезеңі жобалық жұмыстарды қорғау болды. Геологтар УВ ресурстық базасын ұлғайту мақсатында кен орындары мен іргелес аумақтардың перспективаларына бағалау жүргізді:

  1. «Оңтүстік-Батыс Қамыс» және «Оңтүстік-Шығыс Қамыс»
  2. «Шығыс Молдабек»
  3. «С. Нұржанов»
  4. «Қаражанбас»
  5. «Қарамандыбас»

Жобаларды оқуға қатысушылардың командалары әзірледі, әр команданың өз көшбасшысы болды.

Конкурстық комиссия құрамында: Ахметқалиев Нұртас, ҚМГ Геология және геофизика басқармасының бастығы, Урекешев Нұржан, ҚМГ геология секторының бас маманы, Пангереева Шолпан, Бас директордың геология және ӨМГ игеру жөніндегі орынбасары, Тасеменов Ернұр, геология және барлау департаментінің директоры – Бас директордың геология және ЕМГ игеру жөніндегі орынбасары, Қонақбаев Құралбай, геология және ҚОА мұнай және газ кен орындарын игеру бөлімі бастығының орынбасары, Дәулетов Асылжан, ҚМГИ бас директорының геологиялық барлау жөніндегі орынбасары, Бегімбетов Олжас, ҚМГИ геологиялық барлау департаментінің директоры.

Жобаларды қорғау қорытындысы бойынша үш команда номинацияларға ие болды:

– «Үздік жоба» – «Rock Stars» командасы

– «Ең техникалық негізделген жоба» – «Oilers Team»

– «Үздік инновациялық шешім» – «Сәтбаевтың Ізбасарлары»

Және де, 2022 жылғы оқытуға қатысушылардың жобаларын қорғау күні 2021 жылы өткен «Бас геолог» оқыту ағынының жұмысын бағалау қорытындысы бойынша үздік жоба деп танылған жобаны әзірлеуге және іске асыруға қатысқан топ мүшелері шақырылды. Осылайша, «Қазгермұнай» БК» ЖШС геология бөлімінің бастығы Ахметов Думан Аманбекұлы және ҚМГИ алдын ала барлау қызметінің басшысы Шәріпов Жандос Қанатұлы «Нұралы-Ақсай кен орнының ресурстық базасын арттыру стратегиясын қалыптастыру» жобасын енгізу туралы айтып берді.

Сонымен қатар, бағдарлама аяқталғаннан кейін қатысушыларға оқудан өткені туралы сертификаттар табыс етілді, және де бүкіл оқу барысында өздерін ерекше көрсеткен қатысушылар атап өтілді. Алты модуль тренерлерінің сауалнамасы бойынша бағдарламаның ең белсенді 5 қатысушысы анықталды. Осылайша, «Ең белсенді қатысушы» номинациясы бойынша марапатталды:

  • Жоламанұлы Нұрлыбек – «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ кен орындарын игеру және кәсіпшілік геология басқармасы департаментінің жетекші инженері;
  • Ержанов Ғабит – Геология және «Жайықмұнайгаз», ЕМГ МГӨБ кен орындарын игеру бөлімінің бастығы;
  • Тілеумағанбетова Ақбөбек – МГӨБ-2, МГӨЦ-9, ӨМГ аға геологы;
  • Нысамбаев Нүркен – Геология және ҚОА мұнай және газ кен орындарын игеру бөлімінің жетекші инженері;
  • Ниязбаева Айнұр – ЕМГ кен орындарын игеру қызметінің сарапшысы, ҚМГИ Атыраулық филиалы.

Бөлісу бағытындағы: