18-19 маусымда «Boost» оқыту бағдарламасы аясында «Келіссөздерді басқару» тренингі өтті.

18-19 маусымда «Boost» оқыту бағдарламасы аясында «Келіссөздерді басқару» тренингі өтті.

  • 22.06.2022
  • News-Kaz
  • Коммент өшірілген on 18-19 маусымда «Boost» оқыту бағдарламасы аясында «Келіссөздерді басқару» тренингі өтті.

Бұл жолы тренер ретінде басқарушылық қызметте 27 жылдық практикалық тәжірибесі бар психолог, психология пәнінің мұғалімі Мұхтар Бекжанов сөз сөйледі.

– Мұхтар Маратұлы барлық сабақ түрлері бойынша сарапшы, оның ішінде «ой-талқы», іскерлік және рөлдік ойындар, семинар-тренингтер және т. б. сияқты белсенді оқыту әдістерін қолданумен. Ол психология сабақтарында басқарушылық ойлау қабілеттерін қалыптастырудың өзіндік әдістемесінің авторы болып табылады және оқу бағдарламаларын, сабақтардың кез-келген түрі өткізу жоспарларын жасауда күрделі тәжірибеге ие, – деп жоба ұйымдастырушылары хабарлады.

«Келіссөздерді басқару» тренингі аясында қатысушылар клиентке бағдарлану туралы түсінікті компанияның және оның қызметкерлерінің даму табыстылығын қамтамасыз ететін шарт ретінде зерделеді, келіссөздер мен сату процесін ұйымдастыру мен өткізудің негізгі кезеңдерімен танысты, келіссөздер жүргізу және сату кезінде клиентпен тиімді өзара әрекеттесу дағдыларын қалыптастырды.

Модульдік оқыту бағдарламасы – «Boost» сату бойынша жоба ҚМГ Инжиниринг қызметкерлеріне арналған және шақырылған спикерлердің қатысуымен теориялық және практикалық сабақтар өткізуді көздейді.

Бөлісу бағытындағы: