Өз арманына жету үшін бар күшімен жұмыс істеу

Өз арманына жету үшін бар күшімен жұмыс істеу

  • 08.12.2021
  • News-Kaz
  • Коммент өшірілген on Өз арманына жету үшін бар күшімен жұмыс істеу

Тәуелсіздік Құрдастары – олардың артында қиын 90-шы жылдардағы қарапайым емес балалық шақ, шапшаң дамып жатқан мемлекетте есею, отбасы әл-ауқатының өсуі және оқу алатын үлкен мүмкіндіктердің болуы. Олардың біреуі, «ҚМГ Инжиниринг» ЖШС Атырау бөлімінің үлкен жобаларды өндіру қызметінің инженері Нұрлыбек Нұрмаханов.

   Шымкент қаласында туып өскен Нұрлыбектің айтуынша, оның балалық шағы мемлекетіміз үшін қиын уақытқа келді. Үйде кейбір жағдайда жарық пен газ болған жоқ, және сабақтарды шам жарығымен істеу керек болды.

     Оның ата-анасы – қарапайым еңбекшілер. Анасы әлі де медбике болып жұмыс істейді, әкесі жүргізуші болып жұмыс істеген, бірақ қиын уақыттарда жұмыссыз қалып, таксиде қосымша жұмыс атқарған.  

-10 сыныпқа дейін ауданы 33 шаршы метр бір бөлмелі пәтерде тұрдық, бұл пәтерді әкеме оның автобус жүргізушісі болып істегенде менің туылған жылымда берген. Содан кейін, «Болашақ» бағдарламасы арқылы АҚШ мемлекетінде магистратурада оқып жүргенде, мен ұстаз көмекшісі болып жұмыс істедім және стипендиямды үнемдедім. 1,5 жыл ішінде алғашқы салымға арналған жеткілікті соманы жинадық және «Тұрғынүйжинақбанкі» арқылы 3 бөлмелі пәтер алдық. Шымкент қаласындағы грантқа түскен М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік университетінде «Мұнайгаз ісі» мамандығы бойынша жоғары білім алдым. Содан кейін, «Болашақ» бағдарламасы арқылы Колорадо тау кен мектебі атты дүниежүзінің үздік мұнайгаз университеттерінің бірінде магистратурада білім алдым. Сол жерде оқу оңай емес болды, бірақ жақсы білім алу үшін және осы бағытта жұмыс істеу үшін бар күшімді салдым, – деп Нұрлыбек өз пікірін айтты.

  Қазір ол «ҚМГ Инжиниринг» ЖШС Атырау бөлімінде «ҚазМұнайГаз» Ұлттық компания» АҚ компаниялар тобындағы кенорындарында мұнай өңдеуді қарқындату бойынша жұмысын атқарып жатыр және өз бетімен Codeacademy платформасында программдауды оқып жүр. Оның мақсаты – мұнайгаз саласында жұмыс істейтін программдаушы болу. Сонымен қатар, Нұрлыбек алдыңғы жылы отбасы құрып, қызы туылды.

–  Өз мемлекетіміздің азаматы ретінде, мемлекеттің көркеюін, ал экономика мұнай өңеуден табыс табуын армандаймын. Бізге агроөнеркәсіп, туризм және IT сияқты экономиканың басқа салаларын да дамыту керек. Ал мен, өз кезегімен, мұнайгаз саласын цифрландыруға өз үлесімді қосқым келеді. Осы мерейтойлық жылда барлық қазақстандықтарға өркендеуді, ешқашан қол түсірмеуді және өз мақсатына жету үшін бар күштерін салуды тілеймін! – деп «ҚМГ Инжиниринг» ЖШС жас маманы отандастарын құттықтады.

Бөлісу бағытындағы: