Share

ҚМГ кен орындарында заманауи технологиялар қалай ендірілуде

ҚМГ кен орындарында заманауи технологиялар қалай ендірілуде

  • 06.07.2022
  • News-Kaz
  • Коммент өшірілген on ҚМГ кен орындарында заманауи технологиялар қалай ендірілуде

«Орталық Ақшабұлақ» кен орнында «Бір мезгілде бөлек айдау технологиясын өнеркәсіптік енгізу тәжірибесі» (ББА) тақырыбын талқылауға арналған Зияткерлік клуб қатысушыларының кездесуі өтті.

«Қазгермұнай» БК» ЖШС кен орындарын модельдеу бөлімінің жетекші инженері Ахметов Арман Нұрлыбекұлы спикер ретінде сөз сөйледі. Ол көкжиектің геологиялық ерекшеліктері, ББА технологиясы, шоғырдың негізгі мәселелері және ББА технологиясын қолданудың әсері туралы баяндама жасады.

– «2021 жылы жүргізілген «Орталық Ақшабұлақ қорларын қайта есептеудің соңғысына» сәйкес, 1-ші игеру объектісінің бастапқы геологиялық қорлары 20 млн.тоннадан астам құрайды, оның ішінде 5 млн. тоннадан астамы өндірілетін қорлар болып табылады. Бүгінгі күні жинақталған өндіру 4 млн. 200 мың тоннаны құрайды, бұл объектінің барлық өндірілетін қорларының 83% құрайды. M-II-1 көкжиегі 1-ші игеру объектісінің элементтерінің бірі.

Спикер өз сөзінде «ҚМГ Инжиниринг» және «Дациннфеть» ғылыми-зерттеу институттары құрастырған объектінің геологиялық ерекшеліктерін негіздейтін деректерді көрсетті. Қазіргі уақытта Қазгермұнай жоғарыда аталған екі институтпен жемісті ынтымақтастықты жүзеге асыруда.

КГМ үшін ББА жобасының ғылыми негіздемесін ҚМГ Инжиниринг сарапшыларының тікелей қатысуымен «Дациннфеть» ҒЗИ жасаған. ББА технологиясы Дацин кен орнында кең таралғандықтан, КГМ «Дациннфет» ҒЗИ тығыз ынтымақтастыққа ие. Белгілі болғандай, Дацин мұнай кен орны – Қытайдағы ең ірі кен орындарының бірі. 1959 жылы ашылған ол ҚХР қазіргі мұнай өнеркәсібіне айтарлықтай үлес қосты. Бұл кен орнында МУН, ББА әртүрлі технологиялары кеңінен қолданылады және оның әртүрлі модификациялары жеткілікті жетілген деңгейге жетті. Дацин кен орнында қолданылатын ББА технологиясы біздің технологиямыздан бірнеше қадам алда келеді, деп КГМ өкілі нақтылады.

– Олар тек айдауды ғана емес, химиялық элементтер қосылған әртүрлі айдау агенттерін де қолданады. Сондай-ақ, олар онлайн режиміндегі айдау ұңғымаларының жұмыс режимін өлшеуге және бақылауға мүмкіндік беретін заманауи жабдықты пайдаланады.

Ынтымақтастықты дамытудың негізгі кезеңдеріне келетін болсақ, 2018 жылы «Дациннефть» ҒЗИ ҚМГ Инжинирингімен бірлесіп «Орталық Ақшабұлақ кен орнының М-II-1 көкжиегі бойынша бір мезгілде бөлек айдау жобасы» есебін жасады. Ал 2019 жылы алдыңғы жобаға нақтылау жасалды және екі түрлі көкжиек арасында ББА қолдану нұсқасы қарастырылды.

Ағымдағы жылы Дацин институтынның қытайлық әріптестері ҚМГ Инжинирингінің тікелей қатысуымен геология және игеру мәселелерін қолдау тақырыбы бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүзеге асыратын болады.

– «2021 жылы Қазгермұнай мен ҚМГ Инжиниринг Орталық Ақшабұлақ кен орнының М-ІІ-1 бөлек айдау жүйесі жобасының паспортын жасады, онда жобаны және одан әрі кеңейту нұсқасын технологиялық және экономикалық бағалау жүргізілді. Жоба паспортының қорытындысы осы жобаның экономикалық және технологиялық тұрғыдан тиімді және оны іске асыру қажет екендігі болды», – деп спикер атап өтті.

Ол жобаны іске асырудың барлық кезеңдері ғылыми негіздемемен қатар жүретінін, ал су басу режимдерін бақылау бойынша талдау мен ұсынымдар тоқсан сайын жүргізілетінін айтты.

Перспективаларға келетін болсақ, станокқа жақындамай ГИС-К жүргізуге және Рпл өлшеуге мүмкіндік беретін ШГН үшін эксцентрлік сағалық жабдықты орнату нұсқасы қарастырылуда. Ал ABAI – «Су басуды басқару» модулі жобасы аясында біз айдау және өндіру ұңғымаларының жұмыс режимдерін бақылауды жетілдіруге қол жеткізуді жоспарлап отырмыз.

– Бұдан басқа, тағы бір модуль – «Өндіру деңгейін жедел қолдау жүйесі» бойынша технологиялық режимдерді жоспарлау, бақылау және орындау сапасын арттыруға қол жеткізуді, және де өндіру бойынша жоспардың орындалуын қамтамасыз етуді, мұнай өндіру процесін оңтайландыруды жоспарлап отырмыз, – деп А.Ахметов түйіндеді.

Бөлісу бағытындағы: