Share

ҚМГ Инжиниринг компаниясында «Үнемді өндіріс» тақырыбына қатысты тренинг өтті

ҚМГ Инжиниринг компаниясында «Үнемді өндіріс» тақырыбына қатысты тренинг өтті

  • 24.11.2021
  • News-Kaz
  • Коммент өшірілген on ҚМГ Инжиниринг компаниясында «Үнемді өндіріс» тақырыбына қатысты тренинг өтті

Шара «Oil Services Company» ЖШС ҰДМОның (Ұйымдастырылған даму және мөлшерлеу орталығы) ҰКЖ және ҰАЖ мастерлерін оқыту бойынша «Кәсіпқой мастер» модулі аясында ҚазҒЗЖИмұнайгаз Бөлімінде ұйымдастырылды.

Мақтай Дидар және Мақсат Қадралин ҰДМО сарапшылары ұжым жұмыскерлеріне Lean Manufacturing технологиясы бойынша тренинг өткізді.



Курс аясында қатысушылар шығындарды тиімді қысқарту, өнімділікті арттыру, қызмет көрсету жылдамдығын және сапасын арттыру үшін үнемді өндіріс (Lean Manufacturing) құралдары туралы жалпы түсінік алды. Оларға Lean технологиясының сұранысы мен оны пайдаланатын компаниялардың жетістіктері ұсынылды.

Бұдан басқа, қатысушылар өндірісте құндылық құратын желісіндегі негізгі бөлімі ретінде компания мастерінің жұмыс маңыздылығын бағалауға мүмкіндік алды. Мастерлердің Lean технологиясын пайдалануы ресурстарды тиімді қолдану арқылы жоғары нәтижелерге жетуге мүмкіндік береді.

Тренингтің тәжірибелік бөлімінде қатысушылар өзінің тікелей қызметіндегі үдерістерді таңдады және оларды DMAIC әдістемесіндегі фазалар бойынша өткізді:

  • үдерістерді карталау орындады және проблемалы орындарды анықтады;
  • 5W2H әдісін қолдана отырып, проблемаларды анықтады, топтастырды және сипаттады;
  • Исикава диаграммасын, «5 неге?» әдісін және өзге құралдарды пайдалана отырып түпкі себепті іздеу үшін проблеманы анықтады және жүйеледі;
  • Парето диаграммасын пайдалана отырып, проблемалардың түпкі себептерін талдады;
  • Проблемаларды шешу үшін Lean құралдарын қолданды (стандарттық жұмыс, «5С» жүйесі бойынша жұмыс орындарын ұйымдастыру, қателерден қорғау – Пока-ёкэ және т.б.);
  • Проблема себептерін қайтадан болдырмау бойынша шаралар дайындады.

Өз жағынан, қатысушылар тренинг туралы пікірлермен бөліскенде, оқу үдерісі қазақ тіліндегі болғанына көңіл бөліп оң баға берді, сонымен қатар компанияда тікелей үнемді өндіріс құралдарын қолдануға қатысты көрнекті мысалдардың саны көп болды және бұл тақырыпты терең түсінуге мүмкіндік берді.

Орындалған оқу нәтижелерін талдай отырып, сарапшылар осындай шаралардың, Lean технологиясын пайдалана отырып үдерістерді оңтайландыру және жетілдіру бойынша жұмыстарды ұйымдастыруға мүмкіндік бере отырып,  негізінен еңбектік тиімділігі мен өнімділігін және бұл жұмыс беруші компанияның бәсекелестік қабілетін арттыратынына сенімді.

Бөлісу бағытындағы: