Share

«ҚМГ Инжиниринг» ЖШС Басқарма құрамында өзгерістер болды

«ҚМГ Инжиниринг» ЖШС Басқарма құрамында өзгерістер болды

  • 16.02.2024
  • News-Kaz, News-Kk
  • Коммент өшірілген on «ҚМГ Инжиниринг» ЖШС Басқарма құрамында өзгерістер болды

«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Басқармасының кезекті отырысы аясында «ҚМГ Инжиниринг» ЖШС атқарушы органының (Басқармасының) құрамына «ҚМГ Инжиниринг» ЖШС Атыраулық филиалының директоры Алтынбек Сүлейменұлы Мардановты сайлау туралы шешім қабылданды.

ҚМГ Басқармасының шешімі «ҚМГ Инжиниринг» ЖШС Жалғыз қатысушысының шешімімен танылады.

Осылайша, ҚМГ-Инжиниринг Басқармасының мүшелері 7 адам болып табылады:

  • Өтеев Рахим Нағанғалиұлы
  • Досмухамбетов Махамбет Жолдасғалиұлы
  • Нұғманов Жәнібек Қайрбекұлы
  • Даулетов Асылжан Бауыржанұлы
  • Хайретдинов Ренат Геннадьевич
  • Иманбаев Бақыт Алтайұлы
  • Марданов Алтынбек Сүлейменұлы

«ҚМГ Инжиниринг» ЖШС Басқарма төрағасы Р.Н. Өтеев болып табылады.

Анықтама:

Басқарма Серіктестіктің ағымдағы қызметіне басшылықты жүзеге асыратын алқалы атқарушы орган болып табылады.

Алтынбек Сүлейменұлы – Атырау мұнай және газ институтының «Мұнай-газ ісі» мамандығы бойынша түлегі. Және де, Х. Досмұхамбетов атындағы Атырау университетінің экономика факультетінің магистратурасын, «Құқықтану», «мемлекеттік және жергілікті басқару» бағыты бойынша Қазақстандық ақпараттық технологиялар және басқару институтын, 2018 жылы City Business School, MBA «Іскерлік әкімшілендіру магистрін» аяқтады.

Атыраулық филиалының құрылымында әртүрлі позицияларда 10 жылдан астам жұмыс тәжірибесі бар. Еңбек жолын «Каспиймұнайгаз» ҒЗИ» ЖШС жобалау және әзірлеуді талдау бөлімінің 2-санатты технигі ретінде бастаған.

40-тан астам ғылыми еңбектердің авторы болып табылады. 2021 жылы 35 жасқа дейінгі мұнай өнеркәсібінің үздік 30 жас көшбасшыларының және Petrocouncil нұсқасы бойынша 2020 жылы 35 жасқа дейінгі мұнай өнеркәсібінің үздік 50 жас көшбасшыларының қатарына кірді. Мұнай өнеркәсібін дамытуға қосқан үлесі үшін 2020-2021 жылдары энергетика министрлігінен медаль алды, «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ, NCOC, «Қазақтүрікмұнай» ЖШС, Атырау қалалық әкімдігі және Атырау мұнай және газ институты және т.б. алғыс хаттармен, грамоталармен марапатталды. Әр жылдары ҚМГИ Зияткерлік клубы кеңесінің төрағасы, «Каспиймұнайгаз» ҒЗИ» ЖШС Жас мамандар кеңесінің төрағасы, «Сафи Өтебаев атындағы Атырау мұнай және газ университеті» ЖАҚ Индустриялық комитетінің мүшесі болып сайланды.

Бөлісу бағытындағы: