Share

ҚМГ Инжиниринг ұжымы сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алу бойынша семинарға қатысты

ҚМГ Инжиниринг ұжымы сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алу бойынша семинарға қатысты

  • 31.08.2022
  • News-Kaz
  • Коммент өшірілген on ҚМГ Инжиниринг ұжымы сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алу бойынша семинарға қатысты

Бүгін, 26 тамызда компанияда «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың талаптары және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар үшін жауапкершілік» тақырыбында онлайн-семинары өтті.

Шақырылған спикер ретінде ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Нұр-сұлтан қаласы бойынша департаменті алдын алу басқармасының аса маңызды істер жөніндегі офицері Мамыт Айдос сөз сөйледі. Семинар аясында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәдениетін қалыптастырудың өзекті мәселелері талқыланды.

Өз сөзінде қонақ ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі қызметінің басым бағыттары туралы айтып берді. – Біз қызметіміздің ажырамас бөлігі болып табылатын сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастырумен айналысуды жалғастырудамыз. Осы жұмысты міндетті түрде жүргізе отырып, біз қоғамдық ұйымдармен және бірлестіктермен ынтымақтасамыз. Сонымен қатар, біз сыбайлас жемқорлық, парақорлық, алаяқтық, ұрлық және т.б. сипаттағы құқық бұзушылықтарды анықтаумен айналысамыз. Бұған біздің елден кеткен немесе тастап кеткен, жоғалған адамдарды іздеу кіреді.

Бөлісу бағытындағы: