ҚМГ Инжиниринг Атыраулық филиалы Халықаралық балаларды қорғау күніне орай қайырымдылық акциясын ұйымдастырды.

ҚМГ Инжиниринг Атыраулық филиалы Халықаралық балаларды қорғау күніне орай қайырымдылық акциясын ұйымдастырды.

  • 02.06.2022
  • News-Kaz
  • Коммент өшірілген on ҚМГ Инжиниринг Атыраулық филиалы Халықаралық балаларды қорғау күніне орай қайырымдылық акциясын ұйымдастырды.

Мереке қарсаңында филиалдың кен орындарын жобалау және жайластыру блогы өз бастамасымен жиналған қаражатқа Атырау қаласының аз қамтылған 5 тұрғындарына азық-түлік алып беру арқылы көмек көрсетті.                                                                                    Еріктілер Атыраулық филиалдың қызметкерлерімен өте мұқтаж отбасылар туралы ақпаратпен бөлісті.  Барлығы қолдау көрсетілген отбасыларда қолайсыз тұрмыстық және материалдық жағдайда 30-ға жуық бала тәрбиеленуде.  – Әріптестермен жиналған қаражатқа 2 қой мен азық-түлік сатып алынды, оларды кейін біз 5 мұқтаж отбасы мен балалар арасында бөлдік.  Қалған соманы біз ата-аналардың карточка шоттарына жібердік. Ересек отбасы мүшелерінің айтуынша, біздің көмегіміз дер кезінде уақтылы болды. Олардың көпшілігі мүмкіндігі шектеулі балаларды тәрбиелеп отыр, жұмыс істемейді, уақытша тұрғын үйді жалға алады және айдың соңында дәрі-дәрмектер мен азық-түлікті сатып алуда үлкен қиындықтарға тап болады. Сондықтан, біздің қолдауымыз уақытылы болды және балалар өз мерекесінде қайырымды адамдардың жылуы мен қамқорлығын сезінеді, – деп атап өтті ҚМГ Инжиниринг ЖШС Атыраулық филиал директорының кен орындарын жобалау және жайластыру жөніндегі орынбасары Нұрлан ҚАЗИЕВ.

Бөлісу бағытындағы: