ҚМГ Инжинирингте «AITU Project Challenge» IT-байқауының жеңімпаздары марапатталды.

ҚМГ Инжинирингте «AITU Project Challenge» IT-байқауының жеңімпаздары марапатталды.

  • 20.04.2022
  • News-Kaz
  • Коммент өшірілген on ҚМГ Инжинирингте «AITU Project Challenge» IT-байқауының жеңімпаздары марапатталды.

Бүгін компанияда жобаның ресми түрде қорытындысы шығарылып, қатысушыларға алғыс хаттар табыс етілді.


Өткен жылдың желтоқсан айында Astana IT University бірлесіп ҚМГ Инжиниринг өндірістік міндеттерін үздік IT-шешуге арналған AITU Project Challenge конкурсы өткізілгені белгілі. Байқаудың мақсаты таланттарды анықтау, өндіріспен таныстыру және жоғары оқу орындары мен индустрия арасындағы алшақтықты азайту болды.

– Байқау аясында компания екі тапсырманы жариялады: инклинометрияның тарихи деректерінің қағаз нұсқасында құрылымдалған мәтінін цифрландыру және тану және ұңғымаларға ағымдағы және күрделі жөндеу жүргізу кезінде кен орнындағы өлшеу аспаптарының деректер ағынын өңдеу, операцияларды талдау және жіктеу. Бірінші тапсырма бойынша конкурсқа қатысқан 22 команданың ішінен 3-ші курс студенттерінің командасы жеңіске жетті, – деп BigDATA секторының тәртіптік сарапшысы Данияр Нұрсейітов еске салды.

ҚМГИ Ақпараттық технологиялар орталығымен ынтымақтастық аясында белсенді қатысқаны және тапсырмалардың шешімін тамаша тапқану үшін, сондай-ақ мұнай-газ секторын цифрландыруды дамытуға үлес қосуға ниет білдіргені үшін ҚМГ Инжиниринг  Бас директоры Б. Хасанов келесі студеттерді:

1.         Абдрахманов Ренат

2.         Капизов Дастан

3.         Керімбек Иманғали 

4.         Шукиралиев Данияр марапаттады.

Екінші тапсырма күрделілеу болды және оны бір адамнан тұратын команда шешті.

Оның жасын ескере отырып, ол жеңіске үміткер деп танылды. Astana IT University 1-ші курс студенті Алар Акильбеков батылдық, ерекше ойлау және академиялық көзқарас танытқаны үшін Алғыс хатқа ие болды.

Байқау нәтижелері бойынша жеңімпаздар КМГИ BigData секторында тағылымдамадан өтуді жалғастырады. Ал 3 курс студенттері аутстаффингке жұмысқа қабылданды (4 сағаттық жұмыс күні).

  • Байқауда жеңіске жеткен балалар мұнай-газ саласындағы ақпараттық технологиялардың дамуына, атап айтқанда, ҚМГ мұнай өндіретін кәсіпорындарында біздің «ABAI» жүйемізді табысты әзірлеуге және ендіруге өз үлесін қосу үшін барлық күш-жігері мен дағдыларын жұмсайды деп үміттенемін, – деп Бақытжан Кеңесұлы өзінің құттықтау сөзінде атап өтті.

Бас директор байқау ұйымдастырушыларының талпынысын Astana IT University өкілдерін алғыс хаттарымен атап өтті.

– «Astana IT University Project Challenge» байқауын мінсіз ұйымдастырғаны және индустрия саласындағы білікті IT-мамандарын даярлаудың жоғары деңгейі үшін:

Еділхан Дидар –PhD докторы, Astana IT University ЖШС Компьютерлік инженерия департаментінің қауымдастырылған профессоры

Махамбетова Жансая – техникалық ғылымдар магистрі, Astana IT University ЖШС Ғылым және инновациялар департаментінің менеджері марапатталды.

Бөлісу бағытындағы: