Share

ҚМГ ЕТҰ 25 геологы осы жылдың соңына дейін «Бас геолог» бағдарламасы аясында оқудан өтеді

ҚМГ ЕТҰ 25 геологы осы жылдың соңына дейін «Бас геолог» бағдарламасы аясында оқудан өтеді

  • 02.08.2022
  • News-Kk
  • Коммент өшірілген on ҚМГ ЕТҰ 25 геологы осы жылдың соңына дейін «Бас геолог» бағдарламасы аясында оқудан өтеді

Бірінші тамызда Нұр-сұлтан қаласында модульдік бағдарламаның ашылуы өтті.

Оқуға қатысушылар болып «Ембімұнайгаз» АҚ, «Өзенмұнайгаз» АҚ, «ҚазМұнайГаз» ҰК, «Қазақойл Ақтөбе» ЖШС және «ҚМГ Инжиниринг» ЖШС 25 геологы іріктелді. «Бас геолог» бағдарламасының мазмұны ҚМГИ және ҚазМұнайГаз ҰК сарапшыларымен бірлесіп әзірленді және келісілді. РФ және ҚР сертификатталған бизнес-тренерлерінен басқа, ҚМГИ ішкі тренерлері де бағдарламаның оқыту курстарын ұйымдастыруға тартылды.

«ҚазМұнайГаз» ҰК Геология және геофизика басқармасының бастығы Н.Д.Ахметқалиев, және де ҚМГИ біліктілікті дамыту қызметінің басшысы Ж.А. Байсеитова қатысушыларды құттықтап сөз сөйледі. Әріптестер өз сөзінде жобаның маңыздылығын, атап айтқанда оның практикалық құрамын атап өтті. Бағдарламаның бірінші шығарылымының қорытындысы бойынша (2021ж.) «Үздік жобаның» нәтижелері «Қазгермұнай» БК ЖШС қолданылады.  Қатысушылар ұсынған жаңа жобалар (2022 жылғы желтоқсан) практикалық құндылыққа және одан әрі іске асыру мүмкіндігіне ие болады деп үміттенеміз.

Бөлісу бағытындағы: