ҚМГИ еңбек ұжымымен жыл сайынғы кездесу аясында жұмыс қорытындысын жасады

ҚМГИ еңбек ұжымымен жыл сайынғы кездесу аясында жұмыс қорытындысын жасады

  • 23.02.2022
  • News-Kaz
  • Коммент өшірілген on ҚМГИ еңбек ұжымымен жыл сайынғы кездесу аясында жұмыс қорытындысын жасады

Бүгін, 22 ақпанда «ҚМГ Инжиниринг» ЖШС ұжымының компания басшылығымен есептік кездесуі шеңберінде жыл қорытындысы бойынша онлайн-кеңесі өтті.Қатысушылар 2021 жылға арналған қызмет бағыттары бойынша талдау ұсынды және болашақ жоспарларымен бөлісті.Дәстүр бойынша, кіріспе сөзді «ҚМГ Инжиниринг» ЖШС Бас директоры Б. Хасанов мырза бастады, мұнай-газ саласындағы маңызды жобалар мен қазіргі таңда компанияның қол жеткізген нәтижелері туралы қысқаша хабарлады.Оның айтуынша, ҚМГИ қызметінің жаңа бағыттары сутектік энергетикасын дамыту және комплаенс қызметін құру болып табылады. Атап айтқанда, қазірдің өзінде сутектік энергетикасы бойынша біліктілік орталығы және сутектік технологияларын зерттеу жөніндегі зертханалар құрылды. Компания басшысы әлеуметтік саясат аясында жүргізіліп жатқан жұмыстарға ерекше назар аударды. Қызметкерлерді қолдауға және қызметкерлердің біліктілігін дамытуға бағытталған өзекті шаралардың бірі – қызметкерлердің жалақысын 10% мөлшеріне көбейту, бұл соңғы 8 жылда алғаш рет орын алғанын атап өту қажет. Мәлімет үшін, қазіргі уақытта компанияда 1139 қызметкер жұмыс істейді, оның ішінде – 905 штаттық қызметкерлер және 234 – аутстаффинг секторының өкілдері. Сондай – ақ, қолдау шаралары бойынша кеңесте – жас мамандардың жылына 2 ретке дейін бағалаудан өтуі бөлімінде Қызметкерлерді бағалау қағидаларына енгізілген өзгерістер атап өтілді. Бүгінде ҚМГИ барлық қызметкерлерінің 45% осы контингентке тиесілі және ҚМГИ жастарды тартуға ғана емес, оларды ұстап қалуға да күш салуда. Осы мақсатта Жастар саясаты іске асырылуда, «Жас Өркен», «Цифрлық жаз» бағдарламалары бойынша мамандар белсенді қатысуда, таланттармен жұмыс жүргізілуде, әлеуметтік қолдау пакеті кеңейтілуде, «икемді» ұйымдық құрылым әзірленді және басқа да көптеген бағыттар жандандырылуда.

Бөлісу бағытындағы: