ҚазмұнайгазҒЗЖИ өртке қарсы оқу-жаттығуы өткізілді

ҚазмұнайгазҒЗЖИ өртке қарсы оқу-жаттығуы өткізілді

  • 11.03.2022
  • News-Kaz
  • Коммент өшірілген on ҚазмұнайгазҒЗЖИ өртке қарсы оқу-жаттығуы өткізілді

Іс-шара өрттің алдын алу және компанияда өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету аясында ұйымдастырылды

Өрт-тактикалық жаттығу ағымдағы жылдың 25 ақпанында ТЖД бөлімшелерімен бірге Филиалдың әкімшілік – өндірістік ғимаратында ұйымдастырылды.

– ҚазМұнайГаздың жертөлесінде орналасқан қоймада шартты түрде жану пайда болды. 101 нөміріне KMG-security күзет қызметкерінен қоңырау келіп түсті, сонымен қатар өрт дабылы да қосылды. Ақтау қаласының өртке қарсы қызмет гарнизоны бөлімшелерінің шығу кестесіне сәйкес 35 ш/а, 6 ғим. мекенжайына, облыстық ТЖД күштері мен құралдары жіберілді. Бөлімше шақыру орнына келген соң ғимараттан ҚазмұнайгазҒЗЖИ компаниясының 250 қызметкері эвакуацияланды, шартты өртті сөндіру бойынша жұмыстар жүргізілді. Іс-шараларға өртті сөндіруге 3 автокөлігі, сондай-ақ ТЖД 3 жеңіл көлік бірлігі жұмылдырылды. Шартты жануды сөндірумен қатар, АПК ғимаратының 8 қабатына дейін сатыны көтеріп және өрт сөндірушілердің терезе ойығынан шартты құтқару үшін арнайы көлік іске қосылды. Шақыру бойынша сондай – ақ жедел жәрдем автокөлігі келді, ол жерде өрттен шартты түрде зардап шеккен қызметкер бойынша реанимациялық шаралар пысықталды, – деп ҚМГИ Филиалының құрылымдық бөлімшесінде хабарлады.

Өз кезегінде, оқу-жаттығу басшысы, ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі ММ бастығының орынбасары подполковник А.Е. Сердалин қорытындылап, жағымды жақтарын, сондай-ақ болашақта ескеру қажет бірқатар кемшіліктерді атап өтті.

Жалпы, жүзеге асырылған шаралар өрт кезінде Филиал қызметкерлерінің, жауапты қызметкерлердің әрекеттерін пысықтауға, сондай-ақ ҚазмұнайгазҒЗЖИ аумағында орналасқан ғимараттар мен құрылыстарға қатысты ТЖД Өртке қарсы қызметінің кәсіби дайындығын арттыруға мүмкіндік берді.

Бір-біріңізді қорғаңыздар және қырағылық танытыңыздар!

Бөлісу бағытындағы: