ЦИФРЛАНДЫРУ

ЦИФРЛАНДЫРУ

«Визуализация орталығы» – уақыт пен ресурстарды үнемдеу

Біз әріптестерімізді ABAI жобалық тобының заманауи әзірлемелері туралы хабардар етуді жалғастырамыз

Команда суреті

Бұл жолы біздің тұрақты айдарда біз «Визуализация орталығы» АЖ модулін іске қосу аясында сарапшылар жасаған жұмыс туралы баяндаймыз.

Модульді әзірлеу мақсаты 

Көптеген жылдар бойы Қазмұнайгаздың шоғырландырылған тәуліктік есептері Excel-кесте форматында қолмен жасалды. Осы бизнес-процесті цифрландыру мақсатында ҚазМұнайГаз «Визуализация орталығы» модулін қалыптастыруға бастамашылық жасады. Бұл модуль ҚМГ компаниялар тобының мұнай өндіруші кәсіпорындарының өндірістік көрсеткіштерін қадағалау және визуализациялаудың біріктірілген ортасы болып табылады.

Қазіргі уақытта

– 60-тан астам өндірістік көрсеткіштерді жаңарту енгізу үлгілері, интеграциялық алгоритмдер және деректердің автоматтандырылған парсерлері сияқты цифрлық құралдарды пайдалана отырып, гибридті үлгіде жүргізіледі және кәсіпорындардың ерекшелігін ескереді. Түрлі сүзгілер мен көрсеткіштерді талдау жоспар-факторлық талдауды жедел жүргізуге, әр түрлі уақыт кезеңдерінде көмірсутек шикізатын өндірудің төмендеу себептерін білуге мүмкіндік береді. Нәтижесінде, бұл бас компанияның кураторлары мен топ-менеджментіне өндіруді қадағалауға, уақтылы әрекет етуге және басқарушылық шешімдерді жедел қабылдауға мүмкіндік береді, – дейді ҚМГИ талдау қызметінің сарапшысы Дархан Дүйсенов.

Сонымен қатар, жобалау тобы пайдаланушыларға көмектесетін қосымша функциялар ретінде кестелер, графиктер және негізгі визуализация құралдарын жасады.

– Мысалы, «Өндіруші ұңғымалар қоры» модулінің виджеті неше ұңғыманың жұмыс істеп жатқанын, ал нешеуі тоқтап тұрғанын, ҚазМұнайГаз тобы бойынша, сондай-ақ жекелеген кәсіпорындар бойынша алынатын ақпараттарды шығару мүмкіндігімен көрсетеді. Тағы бір виджет – «Күнделікті өндіріс динамикасы», күнделікті деректерді қолдана отырып, деректерді визуалды талдауды қамтамасыз етеді және есептерді жүктейді – деп жалғастырады осы модульді жасаушылардың бірі.

Ұйымшыл команда

Жалпы алғанда, модульді құру түпкі пайдаланушылармен – кәсіпорындардың орталық инженерлік-технологиялық қызметтерінің инженерлерімен, ҚазМұнайГаз корпоративтік орталығының кураторларының белсенді қатысуы және тығыз өзара әрекеттесуі кезінде жүргізілді.

Жобалық топ атап өткендей, тұрақты кері байланыс күнделікті өндірістік қызметте қолданылатын ыңғайлы және қол жетімді өнімді жасауға мүмкіндік берді.

Бөлісу бағытындағы: