Оксана Шароварникова: сүйікті мамандығы, жастарды тәрбиелеу және Шеврон конкурсы туралы

Оксана Шароварникова: сүйікті мамандығы, жастарды тәрбиелеу және Шеврон конкурсы туралы

  • 25.02.2022
  • News-Kaz
  • Коммент өшірілген on Оксана Шароварникова: сүйікті мамандығы, жастарды тәрбиелеу және Шеврон конкурсы туралы

Ұйымшыл ұжымда жұмыс істеу, өз еңбегінің нәтижелеріне қанағаттану және лайықты жалақы – мамандық пен жұмыс орнын дұрыс таңдаудың басты төлсипаты. Бұл ҚМГ Инжиниринг Атыраулық филиалының мұнай, газ және суды зерттеу зертханасының аға инженері Оксана Викторовна Шароварникова пікірі

– Біз ұйымшыл тұтас команда болып жұмыс істейміз. Ұжымда тәлімгерлік рух өте дамыған. Біз әрқашан жас мамандарға еңбек саласында өзін табуға көмектесеміз. Жас әріптестерімнің ішінде Серікболсын Набидоллаевты ерекше атап өткім келеді, ол бізге ҚазмұнайгазҒЗЖИ филиалынан ауысып келді. Қазір Серікболсын сынақтты сәтті өткізе алады және кез келген қажетті көмекті көрсете алады. Басқа да жас мамандар – Нұрымбек Мұғаюпов пен Қуаныш Гемранов талдауларды, сынамаларды іріктеуді өте жақсы меңгеруде. Жастармен жұмыс жасауда біз әрқашан бастамада сөзсіз қателіктер болатынын басшылыққа аламыз, олардан сабақ алып, қиындықтарды жеңе білу керек. Сондықтан жолдың басында әрдайым тәлімгер болуы керек. Содан кейін ғана өз іс-әрекеттеріне сенімділік пайда болады және мамандық баурап бастайды. Алынған дағдыларға икемделіп және ол тәжірибеге айналу үшін белгілі бір уақыт өтуі керек, – деп Оксана Викторовна бізбен бөлісті.

Оның пікірінше, зертхана маманы жұмысының құндылығы мұнай, газ және суды зерттеу барысында ең сенімді деректерді алу болып табылады. Өйткені, алынған мәліметтер жай сандар ғана емес, бірнеше адамдар еңбегінің нәтижесі.

– Негізінен біздің аймақтың сулары, орташа және қатты тұздықтар. Сондықтан оларды қолмен талдаған жақсы. Сұйылту дәрежесі жабдықтағы талдауға қарағанда аз. Нәтижесі сенімді. Бірақ, әрине, бұл менің пікірім. Ал мұнайды талдауға келетін болсақ, мұнда зерттеулер автоматтандырылған және цифрландырылған. Біздің зерттеулеріміздің жоғары сапасы туралы зертханамыз 2020 жылдың соңында қатысқан Шеврон компаниясының халықаралық конкурсының нәтижелері растайды. Сынақтарға АҚШ, Ұлыбритания, Австралия, Норвегия, Ангола, Индонезия, Таиланд және Бангладештің ұқсас зертханалары қатысты. Зерттеу нәтижелері бойынша біз 100%-дың 94,7% дұрыс орындау нәтижесімен үздік үштікке кірдік. Бұл біздің бүкіл командамыздың еңбегінің нәтижесі. Біздің ойымызша, біліктілікті тексеру бағдарламаларына қатысу – зертхана үшін өлшеу жүйесінің барлық аспектілерінің сенімді екендігіне көз жеткізудің тамаша тәсілі, және ең бастысы, бұл өз жұмысын үнемі жетілдіруге мүмкіндік береді, – деп атап өтті О. Шароварникова.

Оксана Викторовна институт командасында 16 жылдан бері жұмыс істейді. Осы жылдар ішінде оның оңай емес кәсіби таңдауын жақындары – жұбайы мен қызы қолдап келеді. Ал бос уақытында біздің әріптесіміз өз бақшасын сүйіспеншілікпен күтіп, немересін тәрбиелеуге көмектеседі. 

Бөлісу бағытындағы: