Share

Менің мақсатым – ҚМГ Инжиниринг компаниясында қалу

Менің мақсатым – ҚМГ Инжиниринг компаниясында қалу

  • 15.10.2021
  • News-Kaz
  • Коммент өшірілген on Менің мақсатым – ҚМГ Инжиниринг компаниясында қалу

Ақмарал Жакаева – Сатпаев Университетінің мұнайгаз ісі мамандығы бойынша түлегі, «ҚМГ Инжиниринг» «ҚазҒЗЖИмұнайгаз» Бөлімінің мұнайберуді арттыру Қызметінің инженері.

KMGE School жобасы аясында, Ақмарал «химик-технолог» мамандығы бойынша оқыды. Бағдарламада алынған білімді қазір кенорындарды өндіруге бағыттады және мұнайберуді арттыру әдістерін сәтті қолданып жатыр.

Ақмарал жұмыс істеп жатқан жоба «Өзенмұнайгаз» АҚ кенорындарында полимерлі суландыруды енгізуді өндіру.

KMGE School бағдарламасындағы оқу сәттерін еске сала отырып, Ақмарал бакалавр мамандығы бойынша және Minor бағдарламасы бойынша оқулар бір уақытта жүріп жатты және барлығын үлгеру керек болғанын айтты. Осы уақыт аралығында ол университетте және ҚМГИ сарапшылар комиссиясы алдында «Мұнай ұңғымаларының түбіне қабат суларын құюды шектеудің тиімді әдістері» атты дипломын қорғауға дайындалып жүргенде бірнеше материалдар мен жобаларды оқыды. Бұдан басқа, білім базасы компанияның ішкі тренингтеріне қатысқаны арқасында артты. Жас маман мойындайды, барлық тапсырмаларды орындау біліктілігі жоғары ұстаздардың көмегі арқылы болды.

Инженер теориялық білімді Атырау бөлімінің базасындағы өндірістік тәжірибе аясында, өнімді жинақтау, дайындау және тасымалдау Қызметінің жұмыскерлері қарамағында арттырды.

– Компанияда тек қана 2 жыл жұмыс істеймін, бірақ, осындай кішкентай мерзімге қарамастан, өзімнің ұстазымның көмегімен өзіме көп жаңа нәрселерді аштым. Осы мерзім ішінде теориялық білім бойынша ұстаз ұсынған кітаптар мен тренингтерді өттім. Қазіргі уақытта менің ұстазым қабаттардың мұнайберуін арттыру Қызметінің сарапшысы Сағыдықов Марат Серікұлы болып табылады. Өз ісінің маманы – тиянақты түсіндіреді және кез-келген қиыншылық болған жағдайда көмектеседі. Сонымен бірге және ұжыммен бірге жұмыс істегенде өзім үшін ашқан қасиеттер – көп функционалдылық пен оптимизм! Барлық қызметтермен, және өз қызметіммен салынған үйлесімді қарым-қатынасқа ризамын. Әріптестерім өте ақкөңіл және көмек көрсетуге дайын тұрады! Енді менің мақсатым – ҚМГИ қабырғаларында жұмысымды жалғастыру, және жұмысымда мақсаттар мен биіктерге жету және мұнай саласындағы өз білімімді үш есе арттыру!

Бөлісу бағытындағы: