Share

«Кәсіби шебер» жобасының 16 қатысушысы оқуды бастады

«Кәсіби шебер» жобасының 16 қатысушысы оқуды бастады

  • 17.08.2022
  • News-Kaz
  • Коммент өшірілген on «Кәсіби шебер» жобасының 16 қатысушысы оқуды бастады

Ағымдағы жылдың 16 тамызында «ҚазмұнайгазҒЗЖИ» филиалы базасында «Кәсіби шебер» модульдік оқыту бағдарламасы басталды.

Бағдарламаның ашылуында «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ Бас директоры Д.К. Хасанов, «ЦПК-Татнефть» директоры О.В. Павловский (онлайн), ММГ адам ресурстарын басқару департаментінің директоры К.Б. Бердалиев құттықтау сөз сөйледі. Сөз сөйлеу барысында басшылар шеберлер еңбегінің құндылығын және оларды мақсатты даярлаудың маңыздылығын атап өтті.

Жобаға «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ мұнай және газ өндіру жөніндегі, ұңғымаларды жөндеу жөніндегі 16 шебер қатысты.

«Кәсіби шебер» – бұл шеберлердің кәсіби білімін арттыруға, және де олардың жеке-іскерлік біліктілігін дамытуға бағытталған бірегей бағдарлама. Оқу аясында қатысушылар мұнай және газ өндіру технологиялары мен жабдықтары, ұңғымаларды жөндеу саласында жаңа білім алады, корпоративтік басқару әдістерімен, үнемді өндіріспен, экономика негіздерімен, шешендік шеберлікпен және басқа да бағыттармен танысады.  Курсты іске асыруға ЦПК-Татнефть, «ҚМГ Инжиниринг» ЖШС білікті сарапшылары, және өзге де бизнес-тренерлер тартылды. Оқу қорытындысы бойынша, ағымдағы жылдың желтоқсан айында шеберлер компания қызметінің тиімділігін жақсарту бойынша ұсыныстар береді.

Бөлісу бағытындағы: