Компанияның болашағы – жас мамандар!

Компанияның болашағы – жас мамандар!

Бүгін біз «ҚМГ Инжиниринг жас тұлғалары» атты жаңа айдарды бастаймыз, бұл айдарда бүгінгі таңда кәсіби және өмірлік тәжірибе жинақтап жатқан біздің институттың жас қызметкерлері туралы әңгімелейтін боламыз. Жаңа айдар мен жанымыздағы жас әріптестерімізді қолдауды сұраймыз!

Қалың қалай, Куба? Жұмыс қалай? Жұмыс орнын таза ұстаңыз!,- деп зертханалық халатта ұзын бойлы жас және күлімсіреген адамға айтып жатқан әңгеменің куәгері болдым. Осы уақытта ол өз жұмысын тез арада керннің компьютерлік томографиясының нәтижелерін өңдеді. Сонымен, танысыңыз – Куба, ол ҚМГ инжиниринг ҚазмұнайгазҒЗЖИ керн талдау қызметінің петрофизигі Жақсылық Төребек.

– Дегенмен, не үшін Куба? – қызығушылықпен сұрадым.

– О, бұл бұрыннан келе жатқан тарих, – деп Жақсылық күледі, – Менің отбасымда екі есімім бар, біреуі бейресми. Менің әкем – отбасындағы ең кіші және сүйікті ұл. Сондықтан мен туылған кезде үлкендер «Көбейсін» деп тілеген. Мен дүниеге келер күн қарсаңында анам түс көреді, оның басшысы – өте құрметті адам қолын алып, биік тауға көтерілген екен. Солай мені құжаттарда Жақсылық деп атаған. Мәскеуде С. Орджоникидзе атындағы Ресей мемлекеттік геологиялық барлау университетінде (бұдан әрі – МГРИ) оқыға кезде, мұғалімдер мен курстастарым менің атымды айту қиынға соқты, олар оны французша «Жак» деп те қысқартатын еді, сондықтан мен өзімді Куба деп атауды ұсындым, – деп Жақсылық бізге айтып берді.

ҚазмұнайгазҒЗЖИ командасында жас петрофизик 2019 жылдың қыркүйек айында жұмыс іздеп келіп Жұмыспен қамту орталығының жолдамасы бойынша зертханада жарты жылдық тәжірибеден өткеннен кейін, екінші жыл жұмыс істейді.  

– Мен, Маңғыстаудың көптеген түлектері сияқты, жоғары оқу орнын аяқтағаннан кейін «Өзенмұнайгаз» жұмысқа орналасуды армандадым. Мені ол жаққа жұмысқа қабылдаған жоқ. Бірақ, осында ҚазмұнайгазҒЗЖИ жұмысқа орналасып, ғылымға қызығушылық таптым. Бұл жерде менің тәлімгерім – аға инженер Асхат Есенжанов және басқа да аға әріптестер үлкен рөл атқарды, олар жаңа мамандандықты және жалпы зертхананы меңгеруге көмектесті. Қазір мен біздің зертханаға деген қызығушылықтың артып келе жатқанын, оның қалай өсіп, дамып жатқанын өз көзіммен көріп отырмын, сондықтан мұнда үлкен перспективалар бар. Жасырмаймын, маған мұнай өндіруші компанияларға жұмысқа орналасу туралы ұсыныстар келіп түсті, бірақ мен бас тартумен жауап бердім. Қазір мен есеп беру үшін толық көлемді керн дайындап жатырмын, көп ұзамай олар мені сүзгілеу зерттеулеріне жібереді. Зерттеу үдерістерін қаншалықты терең зерттесем, соншалықты қызығушылығым артуда, – деп біздің жас әріптесіміз бөлісті.

Қазір ол Мәскеудегі «Мұнай және газ ұңғымаларын бұрғылау» мамандығы бойынша оқыған жылдарын ерекше жылулықпен еске алады. Әсіресе Сергиев Посадтағы МГРИ сынақ полигонында екінші және үшінші курстарда тағылымдама айлары қызықты болған екен. Ол жерде бұрғылау қондырғылары мен өндірістік алаңдардың нағыз үлгілерінде студенттер болашақ мамандықтың қыр-сырын үйренген. 

– Мен небәрі 24 жастамын, және біз, жас ұрпақ, қоғамымыздың жақсаруына өз үлесімізді қосатынымызға сенемін. Осы жерде, зертханада жұмыс істеу барысында мен командада жұмыс істеудің, ағымдағы жағдайларға шағымданудың емес, күн сайын көп жұмыс істеудің және өз дағдыларымды жетілдірудің қаншалықты маңызды екенін түсіндім. Менің мақсатым – өз ісіңнің шебері болу үшін әр жарты жыл сайын зерттеу жұмысының жаңа бағыттарын зерделеу және мұнай-газ саласын ең жоғары деңгейде жақсарту, – ҚМГ Инжиниринг командасының ең жас петрофизиктерінің бірі өзінің өршіл жоспарларымен бөлісті.

Бөлісу бағытындағы: