Share

Зияткерлік еңбек үшін марапат

Зияткерлік еңбек үшін марапат

  • 26.04.2022
  • News-Kaz
  • Комментарии к записи Зияткерлік еңбек үшін марапат отключены

«Жас кадрлар арасындағы үздік ғылыми жұмыс» байқауының жеңімпаздарының лауазымы көтеріліп, олардың біреуінің жалақысы өсірілді.

Біз өткен жылы конкурсқа ұсынылған 20 ғылыми жұмыстың ішінде 4 үздік деп танылғанын жаздық:

· «ҚМГ Ижиниринг» ЖШС игеріліп жатқан кен орындарының ресурстық базасын дамыту қызметінің жетекші инженері Насен Қонысов «КС тұтқыштарын болжау кезінде геологиялық модельдеуді қолдану» (Бағыты: Геология, флюидтерді физикалық /химиялық зерттеу):

·   «ҚМГ Инжиниринг» ЖШС «ҚазмұнайгазҒЗЖИ» филиалының флюидтерді талдау және кәсіпшілік химия қызметінің кәсіпшілік химия зертханасының Аға инженері Сұлтанғали Әбдіқалықов «Ньютондық емес сұйықтықтардың реологиялық қасиеттерін жетілдірілген бағалау» (Өңдеу, өндіру техникасы);

·   «ҚМГ Инжиниринг» ЖШС «ҚазмұнайгазҒЗЖИ» филиалының Ұңғымаларды бұрғылау және жөндеуді жобалау қызметінің жетекші инженері Павел Зайцевтің «Жетібай кен орнында көлденең ұңғымаларды салу және оларды аяқтау тәсілдері» (Бұрғылау және жайластыру):

«ҚМГ Инжиниринг» ЖШС «ҚазмұнайгазҒЗЖИ» филиалының элементтік сметалық нормалау қызметінің жетекші инженері Қайрат Исиннің «Мұнай өндірудегі ғылыми-зерттеу, жобалау-іздестіру және зертханалық зерттеулердің бірыңғай әдістемесі мен біріздендірілген уақыт нормалары» (Ақпараттық технологиялар, корпоративтік басқару (HR, қаржы, экономика, тәуекелдер, құқық және т. б.):

– Ағымдағы жылы компания қызметкерлері қызметінің тиімділігін бағалауды жүргізу кезінде ҚМГИ бағалау комиссиясының отырысы аясында П.В. Зайцев, К.А. Исин, С.Е. Әбдіқалықовты жоғары тұрған лауазымға ауыстыру туралы, сондай-ақ Н.Ж. Қонысовтың лауазымдық айлықақысының деңгейін бір деңгейге көтеру туралы (2021 жылы лауазымын жоғарылатуға байланысты) ұсынымдар қабылданды, – деп Персоналды дамыту қызметінің басшысы Жанна Жақыпова хабарлады.

Бұдан бұрын хабарланғандай, байқаудың тағы 10 қатысушысы компания басшылығы атынан алғыс хаттармен марапатталды.

Бөлісу бағытындағы: