Ең жоғары деңгейде құрметтеу

Ең жоғары деңгейде құрметтеу

ҚР Тәуелсіздігінің 30-жылдық мерейтойға қарсы, «ҚМГ Инжиниринг» ЖШС Атырау бөлімінде кәсіби қызмет және мұнайгаз саласын дамыту үлестері нәтижесінде көзге түскен жұмыскерлерді марапаттау шарасы орындалды.

   –  Біздің мемлекетіміз үшін осы маңызды күнде Атырау бөлімінің барлық ұжымына және дамыған және мықты мемлекетті бірге соққан қазақстандықтарға алғысымды білдіргім келіп тұр. Біздің үлесіміз өткен жылдағы 50 астам жобаларды, оның ішіндегі 30-ы техникалық бағыттағы жобаларды, сәтті жүзеге асыруда көрсетіледі. Ал бүгінгі сыйлар – біздің жұмыскерлеріміздің кәсіпқойлығын және олардың ұлттық мұнайгаз саласын дамытуға қосқан үлестерін ең үлкен мемлекеттік деңгейде мойындау, – деп «ҚМГ Инжиниринг» ЖШ Атырау бөлімінің директоры Рахим УТЕЕВ айтты.

     Ең үлкен сыйға – ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев атынан «Қазақстан Республикасының 30 жылдығына арналған» медальге Атырау бөлімінің геология департаментінің директоры Жансая Мурзагалиева ие болды.

      Мұнайгаз саласын дамытуға арналған ҚР Энергетика Министрілігі медалімен бөлім директорының геология мен өндіру жөніндегі бірінші орынбасары Алтынбек Марданов марапатталды. Министрліктің «Мұнайгаз саласының құрметті жұмыскері» атты төсбелгімен архитектуралық-құрылыс шешімдері қызметінің жетекшісі Алия Каримова және зертхана жетекшісі Назига Кенжалиева марапатталды.

Министрліктен ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына қарсы жоғары кәсіби жетістіктер мен отандық мұнайгаз саласын дамытуға арналған құрмет грамоталарымен ЕМГ кенорындарын өндіру қызметінің сарапшысы Айнұр Ниязбаева және ЕМГ кенорындарын өндіру қызметінің инженері Жұлдыз Жаканова марапатталды.

     «ҚМГ Инжиниринг» ЖШС Атырау бөлімі жұмыскерліренің аянбайтын жұмысы мен кәсіпқойлығы «Қазгеология» АҚ, Атырау облысы әкімі Махамбет Досмузамебтов, KAZENERGY ұйымы, С. Утебаев атындағы Атырау мұнай және газ университеті, «Урал Ойл энд Газ» ЖШС, NCOC консорциумы, «Қазақтүрікмұнай» ЖШС, «ҚМГ Инжиниринг» ЖШС бас директоры Б.К. Хасанов және «ҚМГ Инжиниринг» ЖШС Атырау бөлімі басшылығы атынан құрмет грамоталармен және алғыс хаттармен жоғары бағаланды.

    ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылына қатысты «ҚМГ Инжиниринг» ЖШС бас директоры Б.К. Хасанов атынан естелік мүсіншемен инженерлік зерттеулер және авторлық қадағалау бөлімінің басшысы Ғалымжан Мырзашев, ЕМГ кенорындарын өндіру қызметінің сарапшысы Айнұр Ниязбаева және ЕМГ кенорындарын өндіру қызметінің инженері Жұлдыз Жақанова марапатталды.

    «ҚМГ Инжиниринг» ЖШС атынан ҚР ПҚБИОК отырысында алғашқы рет мемлекеттік тілде жобалық құжаттарды дайындағаны және сәтті қорғағаны үшін және тіл саясатын жүзеге асыру бойынша мемлекеттік бағдарламаға қосқан үлесі үшін ЕМГ кенорындарын өндіру қызметінің инженері Жұлдыз Жақанова, ЕМГ кенорындарын өндіру қызметінің сарапшысы Айнұр Ниязбаева және ЕМГ кенорындарын өндіру қызметінің жетекшісі Азамат Бектасов алғыс хаттармен марапатталды.

 

Әріптестерімізді лайықты марапатпен құттықтаймыз!

Бөлісу бағытындағы: