Share

KMGE School бағдарламасына қатысушы студенттерге арналған мастер-класс.

KMGE School бағдарламасына қатысушы студенттерге арналған мастер-класс.

  • 16.03.2023
  • News-Kaz
  • Коммент өшірілген on KMGE School бағдарламасына қатысушы студенттерге арналған мастер-класс.

«ҚМГ Инжиниринг» ЖШС және Қ.И. Сәтбаев атындағы ҚазҰТЗУ ынтымақтастығы шеңберінде, сондай-ақ KMGE School бағдарламасына қатысушы студенттердің кәсіби білімі мен техникалық құзыреттілік деңгейін арттыру мақсатында 2022 жылдың қараша айынан басталған ҚМГИ ішкі жаттықтырушыларының мастер-класстары жалғасып жатыр.

2023 жылғы 15 наурызда ҚМГИ Атыраудағы филиалының игеру департаментінің Ембімұнайгаз кен орындарын игеру қызметінің сарапшысы Айнұр Ниязбаева «Мұнай-газ кен орындарын игеруді жобалау.

Базалық жобалық құжаттар, ҚР ҚМК және БИОК комиссиялары» тақырыбын ашатын дәріс оқыды.

Шеберлік сыныбы форматында өткен дәріске 30 студенттер қатысты: «Мұнай инженериясы» мамандығының 2-3 курстың қазақ топтары мен KMGE School бағдарламасы бойынша білім алушылар.

Дәріс барысында Айнұр студенттерді игеруді жобалау негіздерімен, кен орындарын игеруге арналған базалық жобалау құжаттарымен, жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану Кодексі мен бірыңғай ережелердің негізімен таныстырды.

Студенттер мұнай өндіру коэффициентін есептеп көрді, барлық көкейкесті сұрақтарына жауап алып.

Қазақ топтарына алғашқы рет өткізілген дәрістің студенттерге пайдасы көп болғанын университет аға оқытушысы Насибуллин Бауыржан Мұратұлы атап өтті:

«Студенттер кен орындарды игеру мамандығы жайлы іс жүзінде ақпарат алып, практикалық тапсырмалар орындап, алға қойған мақсаттарына жету үшін қажетті тәжірибе мен білім алды.

Осындай мастер-класстар өз жалғасын табады деген ойдамыз, себебі студенттеріміздің кәсіби білім алып, жан-жақты дамуы – ел келешегінің дамуы деп білеміз».

ҚМГИ маманы Айнұр да алған әсерімен бөлісті: «Дәрісті қызықты да пайдалы өткізуге, студенттердің мотивациясын арттыруға тырыстым.

Теориялық білімі бар жастар кен орнымен байланысты практикалық тапсырмаларды үлкен қызығушылықпен орындады, өздерін игеру маманы ретінде сынап көрді.

Қазақстан-Британ техникалық университетінде дәріс оқыған оқытушыларымның бірі Бауыржан Мұратұлының қатысқаны мен үшін үлкен мәртебе болды».

Бөлісу бағытындағы: