Share

«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Басқарма Төрағасы Мағзұм Мырзағалиев «ҚМГ Инжиниринг» ұжымына жаңа басшыны таныстырды.

«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Басқарма Төрағасы Мағзұм Мырзағалиев «ҚМГ Инжиниринг» ұжымына жаңа басшыны таныстырды.

  • 01.02.2023
  • News-Kaz
  • Комментарии к записи «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Басқарма Төрағасы Мағзұм Мырзағалиев «ҚМГ Инжиниринг» ұжымына жаңа басшыны таныстырды. отключены

«ҚМГ Инжиниринг» ЖШС бас директоры болып Мәлік Сәлімгереев тағайындалды.

М.Сәлімгереев бұдан бұрын «ҚМГ Инжиниринг» ЖШС-де сарапшы, бас директордың өндіріс жөніндегі орынбасары қызметін атқарып, мұнай мен газдың жаңа кен орындарын игеру, мұнай беруді ұлғайту, өндіруге қиын қорларды тарту саласындағы ҚМГ-нің стратегиялық міндеттерін іске асыруға жетекшілік етті. Әр жылдары «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ мұнай-газ өндіру жөніндегі басқарушы директоры, «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ бас директорының еңбекті, қоршаған ортаны қорғау және перспективалық даму жөніндегі орынбасары, еңбекті, қоршаған ортаны қорғау және бұрғылау жөніндегі басқарушы директоры, «Самұрық-Қазына» АҚ активтерді басқару жөніндегі бас директоры қызметтерін атқарды.

Бөлісу бағытындағы: