Share

Союнов Нұрсейіт Джомартұлы

Союнов Нұрсейіт Джомартұлы

Басқарма төрағасының орынбасары

Білімі

  • 2001 жылы Ш. Есенов атындағы Ақтау мемлекеттік университетін «Мұнай және газ кен орындарын игеру» мамандығы бойынша аяқтады.
  • 2012 жылы мұнай-газ бизнесін басқару саласында магистр дәрежесін алды.
  • 2013 жылы Іскерлік әкімшілендіру саласында «Экономика» мамандығы бойынша магистр дәрежесін алды.

Жұмыс тәжірибесі

  • Өз қызметін 2001 жылы «Өзенмұнайгаз» ӨФ бастады, операторы, шебер, жетекші инженері, технолог, мұнай және газ өндіру бөлімінің бастығының орынбасары және бастығы болып жұмыс істеді;
  • 2010 – 2015 жылдары «ҚазМұнайГаз» БӨ АҚ-да жетекші инженер, мұнай өндіру департаменті директордың орынбасары және директоры болып жұмыс істеді.
  • 2015 жылдан 2016 жылға дейін «Круз» ЖШС директоры болып еңбек етті.
  • 2016 – 2018 жылдары «ӨзенМұнайСервис» ЖШС бас директоры қызметін атқарды.
  • 2018 – 2019 жылдары «Орал Ойл энд Газ» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары болып жұмыс істеді.
  • 2019-2023 жылдары «Қаражанбасмұнай» АҚ бас директорының өндіріс жөніндегі орынбасары қызметін атқарды.
  • 2023 жылдың қаңтар айынан 2024 жылдың қаңтар айына дейін «Қаражанбасмұнай» АҚ бас директоры болып қызмет етті.
  • Қазіргі уақытта 2024 жылы 31 қаңтардан бастап «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Басқарма төрағасының орынбасары қызметін атқарады. Мұнай және газ өндіру департаменті, геология және барлау департаменті, мұнай сервисі жобалары департаменттеріне жетекшілік етеді.