Share

Құдайбергенов Қуаныш Мерекеұлы

Кудайбергенов Куаныш Мерекеевич

«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Басқарма төрағасының орынбасары

Білімі

И.М. Губкин атындағы Ресей мемлекеттік мұнай және газ университетін «Мұнай және газ кен орындарын игеру және пайдалану» мамандығы бойынша бітірген. 2012 жылы Мәскеу мемлекеттік Халықаралық қатынастар институтында «Халықаралық мұнай-газ бизнесі» МВА дәрежесін алды.

Жұмыс тәжірибесі

  • Еңбек жолын 2006 жылы «Интегра» ЖАҚ-та (Ресей Федерациясы) бастап, онда диспетчер, бұрғылаушының көмекшісі, бұрғылау инженері (ұңғымада) лауазымдарында жұмыс істеді.
  • 2007 – 2008 жылдары – «ҚазМұнайТеңіз» ТМК АҚ өндіріс департаментінің техникалық маманы.
  • 2008 жылдан 2011 жылға дейін «Каспий Меруерті Оперейтинг Компани Б.В.» өндірістік департаментінде бұрғылау инженері болып жұмыс істеді.
  • 2011 – 2012 жылдары «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ ірі мұнай-газ жобаларын барлау және дамыту жобаларын басқару департаменттерінің 1-санатты менеджері лауазымында жұмыс істеді.
  • 2012 – 2015 жылдары – «Ромпетрол С.А.» (Румыния) Бас директорының барлау және өндіру жөніндегі орынбасары, барлау және өндіру департаментінің директоры.
  • 2015 жылдан 2016 жылға дейін «ҚМГ-Кансу Оперейтинг» ЖШС Бас директорының геология және өндіріс жөніндегі орынбасары қызметін атқарды.
  • 2016 – 2017 жылдары – Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты төрағасының кеңесшісі.
  • 2017 – 2021 жылдары Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Мұнай өнеркәсібін дамыту департаментін басқарды.
  • 2021 – 2023 жылдары «Қарашығанақ Петролеум Оперейтинг Б.В.» бас директорының орынбасары лауазымын атқарды.
  • 2023 жылдың ақпан айынан бастап – «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Басқарма төрағасының орынбасары.