Share

ҚМГИ шығармашыл жастарды қолдайды

ҚМГИ шығармашыл жастарды қолдайды

ҚМГ Инжинирингте «2025 жылғы жастардың ең үздік шығармашылық жұмысы» конкурсының қорытындысы шығарылды

2025 жылдың 12 қарашасында «ҚМГ Инжиниринг» ЖШС компаниясының басшылығы мен мұнай-газ саласының беделді ғылыми сарапшыларынан құралған қазылар алқасы қатысқан «2025 жылғы жастардың ең үздік шығармашылық жұмысы» конкурсының екінші кезеңі өтті.

Биыл конкурс алғаш рет жаңартылған форматта өтті, ол екі іріктеу кезеңін қамтыды. Жаңартылған тәсіл ұсынылған жұмыстардың деңгейін сапалы және егжей-тегжейлі бағалауды қамтамасыз етіп, авторларға сөйлеу дағдыларын көрсетуге және кәсіби қызмет аясындағы өзекті мәселелер мен жобаларға қатысты идеялар мен шешімдерді ұсынуға мүмкіндік берді.

Барлығы қатысушылардан 21 жұмыс түсті, олардың ішінен 7 автор ең жоғары балл жинап, екінші кезеңге өтті.

Екінші кезеңде өз жобаларын ұсынғандар:

1. Альжанов Нурсултан Коныспаевич

2. Асауов Асхат Асқарұлы

3. Әбекеш Гүлбакыт Жоламанқызы

4. Жауылбаев Ермұрат Манасұлы

5. Серік Ғайни Санатұлы

6. Түркменбай Дәулет Айдосұлы

7. Тілеуғалиева Жанетта Асхатовна

Конкурс комиссиясының мүшелері жұмыстарды бірнеше критерий бойынша бағалады: оригиналдылығы мен креативтілігі, презентацияның сапасы, идеяны жеткізу және дәлелдеу қабілеті, сондай-ақ комиссия мүшелерінің сұрақтарына жауаптар. Шығармашылық кезеңдердің кезектілігі жеребе тарту арқылы анықталды.

Конкурстың жеңімпаздары болып танылды:

1) Серік Ғайни Санатұлы – «ҚМГ Инжиниринг» ЖШС  баламалы энергетика департаментінің ғылыми қызметкері, «Қазақстанның сутек энергетикасы бойынша интерактивті онлайн құрал» тақырыбындағы шығармашылық жұмысы үшін;

2) Түркменбай Дәулет Айдосұлы – «ҚМГ Инжиниринг» ЖШС Филиалы  «КазмунайгазҒЗЖИ» металл зертханасының аға инженері, «H2S ортада сынақ жүргізу кезінде насос штангасының металдарының қаттылығының әртүрлі мәндеріне төзімділігін зерттеу» тақырыбындағы шығармашылық жұмысы үшін.

Сонымен қатар, үш қатысушы комиссия мүшелерінен үш айлық жеке менторлық сертификаттар алды:

Тілеуғалиева Жанетта Асхатовна – менторы Огай Е.К.

Жауылбаев Ермұрат Манасұлы – менторы Марданов А.С.

Асауов Асхат Асқарұлы – менторы Мустафаев М.К.

Екінші кезеңнің барлық қатысушыларына естелік сыйлықтар мен қатысу сертификаттары табыс етілді, ал жеңімпаздарға дипломдар мен 50 000 теңге көлеміндегі ваучерлер берілді.

Сондай-ақ, конкурс комиссиясы барлық 7 қатысушының лауазымдық жалақысын көтеруді ұсынды. ҚМГИ Бас директоры Рахым Өтеев барлық қатысушыларды құттықтап, бұл конкурстың талантты жастарды дамыту үшін маңызды платформа екендігін атап өтті.

Жаңартылған форматтағы конкурс бастамашыл жастарды кәсіби өсуге ұмтылуда қолдаудың маңызды қадамына айналды.

Бөлісу бағытындағы: