Тиімді коммуникациялар және көшбасшылық
- 12.11.2025
- News-Kaz, News-Kk
- Коммент өшірілген on Тиімді коммуникациялар және көшбасшылық
- D.Arkharova
11 қарашада 2025 ж. «ҚМГ Инжиниринг» ЖШС-де Бас директор Р.Н. Өтеев Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының магистранттарымен кездесті.
«Өңірлік даму» мамандығы бойынша білім алып жүрген және мемлекеттік қызметшілер болып табылатын магистранттар Серіктестік басшылығымен кездесті.
Кездесуге сондай-ақ, кадр мәселелері жөніндегі басқарушы директор Эльмира Каримова және әлеуметтану ғылымдарының кандидаты, Мемлекеттік басқару академиясының профессоры Жұлдыз Давлетбаева қатысты.
Кездесудің тақырыбы – «Тиімді коммуникациялар және көшбасшылық».
Кездесу барысында Бас директор Серіктестіктің қызметі, оның стратегиялық даму бағыттары, мұнай-газ саласын дамытудағы рөлі және корпоративтік құндылықтар туралы айтып өтті.
Қатысушылар жоғары қызығушылық танытып, белсенді түрде сұрақтар қойып, өздерін толғандырған тақырыптар бойынша жан-жақты жауаптар алды.
Кездесудің негізгі мақсаты – мемлекеттік және корпоративтік секторлар арасындағы тәжірибе алмасу, болашақ басшылардың тиімді көшбасшылық пен коммуникация дағдыларын дамыту болды.
Іс-шара мазмұнды әрі іскерлік атмосферада өтіп, квазимемлекеттік сектор мен мемлекеттік қызмет өкілдері арасындағы ашық диалог пен ынтымақтастықтың маңыздылығын айқындап көрсетті.










