Share

ҚМГ Инжиниринг компаниясында Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылына арналған салтанатты жиналысы орын алды

ҚМГ Инжиниринг компаниясында Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылына арналған салтанатты жиналысы орын алды

  • 21.12.2021
  • News-Kaz
  • Коммент өшірілген on ҚМГ Инжиниринг компаниясында Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылына арналған салтанатты жиналысы орын алды

Мемлекет Тәуелсіздігінің мерейтойын тойлау алдында компанияда салтанатты шара мен жұмыстарды марапаттау өткізілді. ҚМГИ Басқарма төрағасы, бас директор Бахытжан Хасанов сыйларды ұсынды және ұжымды құттықтады:

– Негізі бұл барлығымыз, қазақстандықтар, үшін маңызды, мағыналы жетістік. Біз осы оқиғаға қатысты болғанымызға ризамыз. Бүгін, ҚМГИ компаниясында мың адамнан астам жұмыскер жұмыс істейді. Олар, экономика тұрақтылығының нығаюына үлесін қосқан мұнайшылар, геологтар, зерттеушілер, өзге саланың өкілдері. Барлығымыз алдымызға қойылған тапсырмалардың тиісті шешімін табу үшін бар күшімізді саламыз. Біздің басты мақсатымыз зияткерлік, ғылыми және өндірістік әлеуетті дамыту, жас ұрпақпен тәжірибені бөлісу. Ол үшін біз барлық қажетті жағдайларды жасап жатырмыз. Осы жылы барлықтарымыздың үлесімізбен ҚМГ Инжиниринг ғылыми еңбектер Жинағының бірінші басылымын басу мүмкін болғанына қуаныштымын. Жағдайды пайдалана отырып, Жинақтың бөлігі болған мақалаларды дайындаған ғылыми зерттеулердің барлық авторына алғысымды білдіргім келіп тұр. Осы жұмыс біздің компанияда ары қарай жалғасатынына үміттенемін.

Шара ҚМГ Инжиниринг үздік жұмыскерлерін марапаттаумен жалғасты, солардың ішінде жас мамандар, және де басшылық буынының өкілдері. Қатысушылардың барлығына медальдар, ерекшелік төс белгілері, құрмет грамоталары және ҚМГИ, ҚР Энергетика министрлігі, «Самрұқ-Қазына» ҰӘАҚ АҚ және «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ басшылығы атынан алғыс хаттар ұсынылды.

Бөлісу бағытындағы: