Share

Ғылыми қызметті дамыту үшін бірігу

Ғылыми қызметті дамыту үшін бірігу

Ағымдағы жылдың 3-5 қазан аралығында «ҚМГ Инжиниринг» ЖШС Сутегі энергетикасы бойынша құзыреттілік орталығының қызметкерлері (аға ғылыми қызметкер Дәулетбақов Дидар және Сутегі технологияларын зерттеу зертханасы Сүлейменова Ботакөз) жұмыс сапары аясында Алматы қаласының бірқатар жоғары оқу орындары мен институттарына барды:

·         «Д.В. Сокольский атындағы жанармай және органикалық катализ институты» АҚ

·         «Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті» ЖАҚ

·         Қ.И. Сәтбаев атындағы ҚазҰТУ.

·         Қазақ-Неміс университеті

·         «Қазақ-Британ Техникалық Университеті» АҚ

«Д.В. Сокольский атындағы жанармай және органикалық катализ институты» АҚ» синтез газын алу үшін метан бар шикізаттың каталитикалық көмірқышқыл газын конверсиялауды, Фишер-Тропш әдісімен авиациялық отын өндіруді және басқа да құнды өнімдерді зерттеумен айналысады. Мұнда ҚМГИ өкілдері мұнай өңдеу өндірістерінің технологиялық қондырғыларының металл коррозиясының белсенділігіне әсер ету себептерін анықтау үшін сынақтар мен талдау жүргізетін коррозия мәселелері жөніндегі құзыреттілік Орталығының зертханасымен танысты.

«Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті» ЖАҚ сапары аясында әріптестері физика-техникалық факультетінің деканы Н.Ә. Бейсенмен, «EcoWatt» ЖШС Бас директоры С.К. Комбаровпен, және де плазма физикасы, нанотехнология және компьютерлік физика кафедрасының басқа да өкілдерімен кеңеске қатысты. Жоғары оқу орны қызметкерлері үлестірілген энергетикаға арналған материалдармен таныстырды.

Әрі қарай, «Қ.И. Сәтбаев атындағы ҚазҰТУ» ЖАҚ базасында 5 қазанда ЖОО химиялық және биохимиялық инженерия кафедрасының х.ғ.д. профессоры Г.И. Бойкомен келіссөздер өтті. Қазіргі уақытта университет қоршаған ортаны қорғау мәселелерін шешу үшін энергия жинайтын заттарды зерттуде. Және де, ванадий мен никельдің ауыр мұнайынан алу, өнеркәсіптік ағындарды алюминий гидрозолымен және алюминий поликоксихлоридтерімен (ПОХА) тазарту бойынша бірқатар атқарымдар бар, олар көптеген бейорганикалық және органикалық қосылыстармен тұрақты қосылыстар түзетін заманауи коагулянттар болып табылады.

Сол күні, Қазақ-Неміс университетінде Орталық қызметкерлері халықаралық ынтымақтастық және орнықты даму жөніндегі вице-президенті, Орталық Азиядағы су ресурстарын басқару жөніндегі ЮНЕСКО (БҰҰБҒМҰ) кафедрасының басшысы Барбара Януш-Павлеттамен кездесу өткізді, онда ҚМГИ мен ҚНУ-нің одан әрі ынтымақтастық перспективалары, және де «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ қажеттіліктері үшін Қазақстанның жасыл/көгілдір сутегін өндіруге арналған су ресурстар Атласын әзірлеу бойынша бірлескен жұмыс мүмкіндіктері талқыланды.

Ал «Қазақ-Британ Техникалық Университеті» АҚ АТ факультетінің профессоры, жобалық топтардың жетекшісі және «ҚБТУ» АҚ БҰҰ ОДМ (Біріккен Ұлттар Ұйымының орнықты даму мақсаттары) жөніндегі үйлестірушісі А.Ж. Ақжаловамен өткен кеңесте әріптестерді халықаралық жобалық қызмет және ҚБТУ-дың өтінімдерді дайындау мен гранттар алуға қатысу тәжірибесі туралы хабардар етті. Және де грантқа өтінім беру үшін халықаралық әріптестерді іздеудің тактикалық ұсынымдары алынды және тұрақты даму саласында ҚМГИ мен ҚБТУ-нің өтінімдерін бірлесіп қалыптастыру туралы ұсыныстар әзірленді. Сонымен қатар, Орталық қызметкерлері Баламалы энергетика және нанотехнология ҒБУ әзірлемелерімен танысты.

Осы кездесулердің нәтижелері көрсеткендей, ҒЗЖ және ҒЗТКЖ жобаларын қаржыландырудың негізгі көзі мемлекеттік қаражат болып табылады. Сутегі энергетикасы бойынша құзыреттер орталығы қызметкерлерінің пікірінше, ЖЭК бағыты бойынша бейінді институттар мен жоғары оқу орындары қызметінің нәтижелері төмен болып қалады, себебі олар прототиптерді өнеркәсіптік үлгілердің ауқымына және бизнеске қызығушылық тудыратын дайын шешімдерге жеткізу мүмкіндігінің болмауына байланысты фундаментал сипатқа ие.

– Ауқымды қаржыландырудан басқа, біздің ойымызша, әзірлемелерді коммерцияландыруды арттыру және ғылыми қызмет нәтижелерін пайдалану тиімділігін арттыру үшін мемлекеттік және жеке құрылымдардың, және де өнеркәсіптік кәсіпорындардың күш-жігерін біріктіру талап етіледі, – деп түйіндеді ҚМГ Инжиниринг Құзыреттер орталығының қызметкері Д.Дәулетбақов.

Бөлісу бағытындағы: