Перспективалық жобалар портфелі

Перспективалық жобалар портфелі

ҚазМұнайГаз ҰК АҚ ҰБ ресурстық базасының өсу бағдарламасын іске асыру жөніндегі стратегиясына сәйкес ҚМГ геология блогымен жете зерттеу үшін неғұрлым перспективалы аймақтарды, сондай-ақ Каспий маңы, Маңғышлақ, Үстірт-Бозашы, Оңтүстік Торғай өңірлерінде тарихи және қазіргі заманғы (3Д сейсмикалық барлау) геологиялық-геофизикалық деректердің толық спектрі негізінде құрылымдық және құрылымдық емес типтегі әлеуетті перспективалы объектілерді бөлу бойынша жұмыстар жүзеге асырылады. Геологиялық-геофизикалық деректерді кешенді талдау жұмыстарының нәтижелері бойынша геологиялық негіздемемен, Ресурстық әлеуетті, тәуекелдер мен белгісіздіктерді бағалаумен жер қойнауын пайдалануға арналған перспективалы жобалардың портфельдері дайындалады. Сонымен қатар, салыстырмалы күрделі инвестициялармен ең аз жұмыс бағдарламасы жасалады.