Share

Бошманов Бейбіт Ізденұлы

Бошманов Бейбіт Ізденұлы

«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ кен орнын игеру басқармасының бастығы

Білімі

  • 2003-2008 – Каспий қоғамдық университеті (Алматы), «Мұнай-газ ісі» мамандығы, «Мұнай және газ кен
    орындарын игеру» мамандығы;
  • 2008-2010 – Каспий мемлекеттік технологиялар және инжиниринг университеті (Ақтау), «Мұнай-газ ісі»
    мамандығы бойынша техника ғылымдарының магистрі;
  • 2021-2023 – Business School (Ұлыбритания) – MBA General;
  • 2021-2023 -City Business School халықаралық бизнес мектебі (Мәскеу), іскерлік әкімшілендіру шебері (MBA).

Еңбек қызметі

  • Бейбіт Ізденұлы еңбек жолын 2006 жылы «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ-да 3-разрядты МГӨЦ-2 және МДАЦ операторы ретінде бастады.
  • 2008 жылдың қыркүйегінен 2014 жылдың қарашасына дейін «Ғылыми-өндірістік орталық» ЖШС-де техник, инженер, аға инженер, жетекші инженер, мұнай-газ кен орындарын игеруді жобалау бөлімінің бас маманы болып жұмыс істеді.
  • 2014 жылдан 2016 жылға дейін «ҚазМұнайГаз» технология, өндіру және бұрғылау ғылыми-зерттеу институты» ЖШС-де игеруді жетілдіру департаментінің бас маманы лауазымында жұмыс істеді.
  • 2016 жылдан 2018 жылға дейін «ҚазМұнайГаз» «Барлау Өндіру» АҚ – да геология және игеру департаментінің жетекші инженері, 2018-2021 жылдары «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ-да игеру және кәсіпшілік геология басқармасының жетекші инженері болып жұмыс істеді.
  • 2021 жылдың наурыз айынан бастап, «ҚМГ Инжиниринг» ЖШС Атырау филиалының инжинирингтік сүйемелдеу департаментін, ЕМГ, ҚГМ БК, ҚТМ, ҚОА кен орындарын игеру мониторингі қызметін басқарды, «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ-на жұмысқа ауысқанға дейін сарапшы (тәртіптік) болды.
  • 2023 жылдың қазан айынан бастап – «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ кен орнын игеру басқармасының бастығы.