Share

ИСКАЗИЕВ ҚҰРМАНҒАЗЫ ОРЫНҒАЗЫҰЛЫ

«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Ақтау қаласындағы Өкілдігінің директоры

«ҚМГ Инжиниринг» ЖШС Байқаушы кеңесінің төрағасы

  • Исказиев Құрманғазы Орынғазыұлы В.И. Ленин атындағы Қазақ политехникалық институтының мұнай факультетінің тау-кен инженер – геолог мамандығы бойынша аяқтаған. 2006 жылы Томск политехникалық университетінде кандидаттық диссертацияны қорғап, «Геология-минералогия ғылымдарының кандидаты» біліктілігі берілді. 2021 жылы И.М. Губкин атындағы Ресей мемлекеттік мұнай және газ университетінде кандидаттық диссертацияны қорғап, «Геология-минералогия ғылымдарының докторы» ғылыми дәрежесі берілді. Әл-Фараби атындағы ғылым және техника саласындағы Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты (2015).
  • Еңбек жолын 1985 жылы «Ембімұнай» өндірістік бірлестігінде бастады, кейін оператордан «Ембімұнайгаз» АҚ бас директорына дейінгі өндірістің барлық сатыларынан өтті.
  • 2006 жылдан бастап 2008 жылға дейін «ҚазМұнайГаз» Барлау өндіру» АҚ геология және игеру департаменті директорының орынбасары, геология және барлау өндіру департаментінің директоры қызметтерін атқарды.
  • 2008 жылдан бастап 2015 жылға дейін «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ мұнай және газ өндіру жөніндегі атқарушы директоры, геология, геофизика және қабаттар жөніндегі басқарушы директоры, бас геолог, «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Басқарма төрағасының геология және перспективалық жобалар жөніндегі орынбасары, пайдаланылмайтын активтер (Теңіз, Қашаған, Қарашығанақ) бойынша басқарушы директоры, геология жөніндегі басқарушы директоры болып жұмыс істеген.
  • 2015 жылдан бастап 2018 жылға дейін – «Ембімұнайгаз» АҚ бас директоры (Басқарма төрағасы), «ҚазМұнайГаз» Барлау және Өндіру» АҚ бас директоры (Басқарма төрағасы).
  • 2018 жылдан бастап 2020 жылға дейін – «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Басқарма төрағасының барлау, өндіру және мұнай кәсіпшілігі қызметтері жөніндегі орынбасары, «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ басқарма төрағасының геология және барлау жөніндегі орынбасары.
  • 2020 жылдан бастап – «ҚазМұнайГаз» Барлау және Өндіру» АҚ бас директоры (Басқарма төрағасы).
  • 2022 жылдың ақпанынан бастап – «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ Басқарма төрағасының барлау және өндіру жөніндегі орынбасары.