Жас мамандар кеңесі

Жас мамандар кеңесі

Жас мамандар кеңесі (бұдан әрі – Кеңес) “ҚМГ Инжиниринг” ЖШС (бұдан әрі-Серіктестік) консультативтік – кеңесші органы болып табылады және 2016 жылы құрылған. Кеңестің мақсаты жас қызметкерлердің әлеуетін дамыту мен іске асыруға және олардың әлеуетін серіктестікті одан әрі дамытуға бағыттау.

Кеңес әкімшілік және әлеуметтік қамсыздандыру департаментімен бірлесіп, түрлі әлеуметтік, өндірістік, мәдени–бұқаралық, спорттық және басқа да іс-шараларға қатысады. Кеңес-бұл жас қызметкерлердің кәсіби өсуі, олардың серіктестіктің әлеуметтік-экономикалық өміріне қатысу дәрежесінің артуы.

Бүгінгі таңда серіктестікте филиалдарды есепке алғанда кеңесте 40-тан астам жас маман бар. Осы қысқа мерзім ішінде Кеңес көптеген түрлі іс-шаралар өткізді.

Жас мамандар кеңесінің құрылымы төрағадан, төрағаның 3 (үш) орынбасарынан, мүшелерден және хатшыдан тұрады, олар серіктестіктің жас мамандар кеңесі туралы Ережеде көзделген тәртіппен сайланады/ тағайындалады.