2010 жылдан бастап Ақтау және Атырау қалаларындағы ҚМГИ филиалдарында көптеген қазақстандық және шетелдік мұнай-газ компанияларымен ынтымақтасатын зерттеулердің кең спектрін ұсынатын, серпінді дамып келе жатқан Ғылыми зерттеу орталықтары (ҒЗО) жұмыс істейді.
«ҚазмұнайгазҒЗЖИ» (Ақтау қ.) және «ҚМГ Инжиниринг» Атырау қаласындағы филиалдарының Ғылыми зерттеу орталықтарының құрамына келесі зертханалар кіреді:
* PVT мұнай, газ, су және мұнай өнімдерін зерттеу зертханасы;
* таужынысын (керн) талдау;
* өндірістік химия;
* бұрғылау және цемент ерітінділерін зерттеу;
* мұнай мен газды геохимиялық зерттеу;
* металдарды зерттеу;
* экологиялық зерттеулер.
Ғылыми зерттеулер орталықтары жұмыс жасау барысында өздерін тұрақты, жауапты, сенімді және адал серіктес ретінде көрсете білді, халықаралық және мемлекетаралық стандарттардың талаптарына сәйкес келетін,Тапсырыс берушілермен және серіктестермен ұзақ мерзімді және өзара тиімді ынтымақтастықты қамтамасыз ете отырып, ұсынылатын қызметтердің жоғары сапасына кепілдік береді.
Зертханалық талдаулардың барлық түрлері МемСТ ХСҰ/ХЭК 17025 cәйкес аккредитациядан өткен
Фото-сурет «ҚМГ Инжиниринг» ЖШС филиалы «ҚазмұнайгазҒЗЖИ» ғимараты
Фото-сурет. Атырау қаласындағы «ҚМГ Инжиниринг» ЖШС филиалының ғимараты
Байланыс тұлғалары:
Нұржан Шиланов
Зертханалық зерттеулер жөнінен филиал директорының орынбасары «ҚМГ Инжиниринг» ЖШС филиалы«ҚазмұнайгазҒЗЖИ» 130000, Ақтау қ., 35 ы/а., 6/1-ғимараты Жұмыс телефоны: 8 (7292) 470 215 Ұялы тел.: +7 702 939 32 52 e-mail: N.Shilanov@kmge.kz |
Никита Пронин
Филиал директорының зертханалық зерттеулер жөніндегі орынбасары Атырау қаласындағы «ҚМГ Инжиниринг» ЖШС филиалы 060097, Атырау облысы, Атырау қ., шағын аудан. Нұрсая даңғ. Елорда, 10 құрылым Жұмыс телефоны: 8 (7122) 305 430 Ұялы тел.: +7 708 246 80 25 e-mail: N.Pronin@kmge.kz |