Share

ҚОЖ (қашықтықтан оқыту жүйесі)

ҚОЖ (қашықтықтан оқыту жүйесі)

ҚОЖ (қашықтықтан оқыту жүйесі)

еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өрт және өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы техникалық мамандарды кәсіптік даярлау және қайта даярлау бағдарламалары бойынша, және де міндетті және/немесе ұсынылатын оқытудың басқа түрлері бойынша оқытуға арналған корпоративтік онлайн-платформа.

ҚОЖ техникалық мамандарды кәсіптік даярлау және қайта даярлау бағдарламаларымен, соның ішінде міндетті оқыту түрлері бойынша – «Өрт-техникалық минимум», «Өнеркәсіптік қауіпсіздік» және «Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау» курстарымен, ЕҚжЕҚ курсы аясында «Электр қауіпсіздігі» және «Алғашқы көмек көрсету» тақырыптарымен, және де «Өнеркәсіптік қауіпсіздік» курсы аясында «Күкіртсутек қауіпсіздігі» тақырыбымен ұсынылған.

Әр курс қашықтықтан оқыту жүйесінің платформасына жүктелген және үлгіленген және стильденген дәрістер базасынан, интерактивті жаттығулардан, кейстерден, аралық тест материалдарынан, кері байланыстың электрондық сауалнамасынан, қорытынды тестілеуден, және орыс және қазақ тілдеріндегі заңнамалық және нормативтік құжаттармен ұсынылған оқу-анықтамалық материалдар базасынан тұрады.

Білім алушылар жеке логин мен құпиясөз берілгеннен кейін оқу материалдарына тәулік бойы рұқсат алады.

Оқу барысында Білім алушыларға техникалық қолдау көрсетіледі және платформа ресурстарын пайдалану бойынша консультация жүргізіледі. Білім алушыларға оқытылатын тақырыптар бойынша кеңес беру электрондық байланыс құралдары (электрондық пошта, телефон, кіріктірілген жүйе құралдары және басқа да байланыс құралдары) арқылы жүзеге асырылады.

2020 жылғы 10 желтоқсанда ҚМГИ 6 сала бойынша: мұнай-газ, мұнай-химия, химия, мұнай-газ өңдеу, геологиялық барлау, құрылыс салалары бойынша өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы мамандарды, қызметкерлерді даярлау, қайта даярлау құқығына рұқсат (Аттестат) алды.

2021 жылғы 2 наурызда ҚМГИ мамандарды, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелері жөніндегі қызметкерлерді даярлау, қайта даярлау құқығын, білімін тексеру бойынша куәліктер мен сертификаттар берумен алды. 2020 жылдың III тоқсанынан бастап ҚОЖ платформасында үш курс бойынша 6146 адам оқытылды. Оның ішінде «ӨМГ» АҚ 4868 қызметкері, ҚМГИ БК 269 қызметкері, ҚазҒЗЖИ 627 қызметкері, ҚМГИ АФ 256 қызметкері және ҚМГ ҰК АҚ 126 қызметкері.