Өз ісінің кәсіпқой мамандары

Өз ісінің кәсіпқой мамандары

Жастар, кешегі жоғары оқу орындарының түлектері, бүгінде ҚМГ Инжиниринг келіп, компанияның жетекші жобаларының дамуына маңызды үлес қосуда.  Олардың бірі – тәлімгерлері және ҚМГИ басшылығының үмітін ақтаған жас маманымен «Біздің таланттар» жаңа айдарында әңгімелесеміз.

Есенболатов Құсман KMGE School жобасының арқасында команда мүшесі болды. Satbayev University оқу орнының «Мұнай-газ ісі» мамандығы бойынша түлегі, Құсман тағылымдама аяқталғанан кейін, өткен жылдың тамыз айынан бастап Мақсат Тілешевтің жетекшілігімен сарапшылар тобының құрамында еңбек етіп келеді.

Компаниядағы жартыжылдық қызметі әріптестерінің елеуінсіз қалмады. Жас маманның ерекше қабілеттерін тікелей басшысы Мақсат Тілешұлы ғана емес, сонымен қатар оның барлық айналасы да атап өтеді.

Қазіргі уақытта Құсман Қаламқас-теңіз және Хазар теңіз кен орындарын игеру бойынша Қазақстан үшін болашағы зор жобаны іске асыруға белсенді қатысуда.

Ол жобаның жалпы күрделі шығындарын есептеумен айналысты, жайластыру бөлігінде қажетті жабдықтар мен технологиялық сызбаларды іріктеу бойынша жұмыс жүргізуде. Сонымен қатар, инженер технологиялық құбырларды модельдеумен және қатты денелі модельдеумен айналысты.

– Өткен жылы біз Қаламқас-теңіз және Хазар кен орындарын жан-жақты бағалау скринингін жүргізе отырып, екі фазаны (Фаза -2 және Фаза-3) аяқтадық, оларға мен тікелей қатыса алдым. Сметашы ретінде мен теңіз жобасын іске асырудың жалпы күрделі шығындарын есептеуді, сондай-ақ қажетті технологиялық жабдықты іріктеуді жүргіздім. Барлық атқарылған жұмыстарды ҚМГИ басшылығы үшін есептер және презентациялар түрінде жасақтадым, – деп Құсман бізбен бөлісті.

Инженер бұл өте қызықты жоба екенін мойындайды, жобада геологтар, әзірлеушілер, бұрғылаушылар, жайластырушы мамандары мен экономистерден құралған кәсіпқой мамандар еңбек етті. Толық ақпарат, түсінікті себептерге байланысты, құпия мәртебеге ие болғандықтан, талдау нәтижелері жоғарыда аталған кен орындарын игерудің сөзсіз болашағын көрсететіндігін ғана айта аламыз, бұл алдағы жұмыстың толықтай бағалануын қажет етеді.

Бірақ бұл Құсманның кәсіби өсуіне ықпал ететін ҚМГИ қызметінің жалғыз бағыты емес. Ол Құрманғазы блогының техникалық-экономикалық бағалауына қатысты.

– Менің міндеттерімнің қатарында әзірлеушілерден алынған мәліметтер негізінде блокты ұйымдастырудың нұсқаларын қалыптастыру болды. Сондай-ақ, жұмысым технологиялық құбырларды, жоғарғы құрылыстарды есептеу және жалпы күрделі шығындарды қалыптастыру болды. Соңында ол шығындардың фазалық бөлінуін жасадым.

– Құсманның ең басты таланты – оның қарапайымдылығы, – деп ҚМГИ сарапшылар тобының сарапшысы Мақсат Тілешев әңгімемізді бастады.

Ол тез арада жоба жұмысына кірісіп кетті және оның аясында барлық қажетті жұмыстарды өз бетінше жүргізді. Білімге деген ұмтылыс, сабырлық, жанжалсыздық, ақыл – ой, еңбекқорлық – бұл қасиеттердің бәрі Құсманға тән қасиеттер, ол ақпаратты жеңіл қабылдауға икемді, қойылған тапсырмаларға оңай бейімделеді, сонымен бірге жұмыс процесіне жанымен беріліп, еңбекке қабілеттілігі мен жауапкершілігі жоғары деңгейде. Оның ерекшелігі – болып жатқан нәрселерге көп салалы көзқараспен қарауы, сондай-ақ жан-жақты дамуы. Өйткені, Құсман жобалау мәселелерімен де, сметаларды есептеумен де бір уақытта оңай айналысты, Unisim, Ansys және Questor бағдарламаларында жұмыс істей отырып, жаңа ақпаратты тез игеру қабілетін көрсете отырып, инженерлік есептеулер жүргізді.

Ендеше, жас инженерге болашақта шабыттана отырып жаңа қызықты жобаларға қатысуын тілейміз.

Сонымен қатар, Құсман магистратураға түсу жоспарларымен бөлісе отырып, кәсіби дамуын жалғастыруды жоспарлап отыр. Ол біліктілікті, қолда бар потенциалды арттыру қажеттігіне сенімді және аға әріптестерінің үлгісіне сүйене отырып, тәжірибе мен кәсіби біліктілікті ұлғайтуға ниетті.

Анықтама:

Қаламқас-теңіз және Хазар теңіз кен орындарын игеру бойынша стратегиялық серіктес – өткен жылдың соңында жобаға қосылған ЛУКОЙЛ компаниясы. Дәл сол кезде ірі кен орындарын игеру аясындағы жұмыс қағидаттары туралы келісімге қол қойылды. Қазіргі уақытта қазақстандық және ресейлік мамандардың бірлескен жұмыс тобы осы бағыттағы ынтымақтастықты жалғастыруда.

Ашық дереккөздерден алынған ақпаратқа сәйкес Қаламқас-теңіз кен орны 2002 жылы ашылған, ол Қашағаннан оңтүстік-батысқа қарай 120 км жерде және Хазар кен орнына өте жақын орналасқан. Қаламқас теңізі және Хазардың жалпы өндірілетін қоры 70 миллион тонна мұнайды құрайды.

Бөлісу бағытындағы: