Share

ҚМГ Инжиниринг қызметкерлері ұлттық мерекеге орай марапатталды

ҚМГ Инжиниринг қызметкерлері ұлттық мерекеге орай марапатталды

  • 22.10.2022
  • News-Kaz
  • Коммент өшірілген on ҚМГ Инжиниринг қызметкерлері ұлттық мерекеге орай марапатталды

Қазақстан Республикасы Күнін мерекелеуге арналған салтанатты жиналыста ҚМГИ компанияның дамуына елеулі үлес қосқан және қызметтің жоғары кәсіби көрсеткіштерін көрсеткен әріптестеріне Алғыс Хат пен Құрмет грамоталарын табыс етті.

ҚМГ Инжиниринг Бас директоры Б. Хасанов қатысушыларды келе жатқан мерекемен құттықтап, өндірістік міндеттерді шешуге күш салғаны үшін ұжымға алғысын білдірді. Компания басшысы қызметкерлерге одан әрі жетістіктер мен барлық жоспарланған мақсаттарды табысты іске асыруды тіледі.

Қазақстан Энергетика министрі Болат Ақшолақовтың атынан жобаларды геологиялық-кәсіпшілік бағалау қызметінің сарапшысы Ибрагимов Игорь Растемович Алғыс хатымен марапатталады;

Және де, «кәсіби шеберлігі, жауапкершілігі және компанияның дамуына қосқан үлесі» үшін жоғары марапаттарға келесі қызметкерлер ие болды:

Есполов Исағали Тұрсынбекұлы, жобаларды қолдау қызметінің сарапшысы;

Елемесов Азамат Серікұлы, Геология және игеру қызметінің басшысы;

Нұғманова Гүлбаршин Қайырбекқызы, Экономикалық зерттеулер қызметінің сарапшысы;

Орынбасар Ермек Кеңесұлы, МАӘ бөлімінің бастығы. 

Бөлісу бағытындағы: