Жаңа құрылымдық бөлімше ҚМГИ базасында ҚазМұнайГаз төмен көміртекті даму бағдарламасын іске асыру аясында құрылды.
Сутегі энергетикасын дамыту бас компанияның басым бағыттарының бірі болып табылады. Қазіргі уақытта одан әрі зерделеу үшін перспективалық жобалар анықталды, 2024 жылға дейінгі жұмыс жоспары бекітілді.
Әлемдік болжамдар
Қазіргі уақытта бүкіл әлемде энергетикалық ауысу мақсатында отын-энергетикалық кешенді дамыту тұжырымдамасы қайта қаралуда. Отын-энергетикалық қоржындағы көміртегі шикізатының 2060 жылға қарай 99%-дан 29%-ға дейін қысқаруы, оның ішінде мұнай тұтыну үлесі 24%-дан 15%-ға дейін қысқаруы, ЖЭК және басқа да энергия көздері үлесінің елеулі ұлғаюы болжанып отыр.- Энергияның баламалы көздерінің бірі сутегі болып табылатыны белгілі. Ол жанудың таза өнімі: су арқасында ерекше қызығушылық тудыратын әмбебап энергия тасымалдаушысы болып саналады. Осылайша, сутегі энергетикалық жүйесін енгізу ұзақ мерзімді энергетикалық және экологиялық тұрақтылықты сақтауға мүмкіндік береді, – деп осы саладағы бірқатар сарапшылар есептейді.
Статистика
Халықаралық энергетикалық агенттігінің деректері бойынша 2020-2050 жылдар аралығында әртүрлі салаларда сутекке күтілетін әлемдік сұраныс 100-ден 300 Мт сутекке дейін өсетін болады. Төмен көміртекті сутегі шығаруларын азайту жөніндегі Үкімет жоспарларының негізгі құрамдас бөлігі ретінде саяси және іскерлік қолдау алады.1 сур. – 2020-2050 мерзіміндегі сутекке күтілетін әлемдік сұраныс (халықаралық энергетикалық агенттігінің деректері бойынша).Сонымен қатар, ХЭА (халықаралық энергетикалық агенттік) сутекті пайдалану ауқымын ұлғайту жөніндегі ұсынымдарында Ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды (ҒЗТКЖ) қолдау жөніндегі тармақ бар. Дамыған елдерде және жетекші компанияларда ҒЗТКЖ қолдау нарықта және өнеркәсіпте табысқа жетудің кілті болып табылады.Chevron Corporation, Royal Dutch Shell PLC, ENI, Exxonmobil және т.б. сияқты әлемдік мұнай компаниялары сутегі энергетикасын дамытып, сутегі технологиялары бойынша ҒЗТКЖ белсенді түрде инвестициялайды.
Міндеттері мен болашағы
Сутегі энергетикасы жөніндегі біліктілік орталығы – экологиялық отынды іздестіру жүргізілетін және төмен көміртекті дамуға арналған технологиялар, оның ішінде сутегі мен одан жасалатын химиялық қосылыстар енгізілетін зерттеу хабы.Орталық басшысының м.а. Сәуле Жолдаякованың пікірінше, хаб қызметі ҚМГИ, ҚМГ және Қазақстанның барлық мұнай-газ саласының ғылыми-өндірістік әлеуетін елеулі кеңейтеді және сутегі экономикасының нарықтық негіздерін қалыптастыру процесін жеделдете отырып, технологиялық өсуді ұлғайтуға ықпал ететін болады.– Және де, Орталық – бұл отандық технологиялар мен кадрларды даярлауға уақытылы инвестициялар түрі. Өйткені, оның жұмыс істеуі біздің ғалымдарымыз және университеттердің, институттардың зерттеушілеріне сутегін өндіру, сақтау – тасымалдау және пайдалану, сондай – ақ көмірқышқыл газын ұстап алу және сақтау жөніндегі жобаларды іске асыру үшін бірлесіп жұмыс істеуге мүмкіндік береді, – деп С. Жолдаякова сенім артады.Орталықтың қызметі, бірінші кезекте, сутегі энергетикасы жүйесін іске асыру үшін сутегі технологияларына кешенді талдау жүргізуге бағытталған; Сонымен, қажетті ақпаратты жинағаннан кейін сарапшылар сутегі нарығының дамуы мен компанияның бәсекеге қабілеттілігін анықтау үшін өндірісті энергетикалық, экологиялық, экономикалық модельдеуді және сутекті қолдануды талдайды, бақылайды және әзірлейді.Бұдан басқа, біз сәл кейінірек танысатын Орталықтың командасы сутегі энергетикасы жобалары аясында ғылыми-зерттеу ынтымақтастығын дамытуға бағытталған. Қазіргі уақытта олардың саны 8. Сутегін өндіру бойынша 3 жоба, 3 –сутегін қолдану бойынша, 1 – көмірқышқыл газын ұстау бойынша, соңғысы – сутегін сақтау және тасымалдау бойынша.Орталықта хабарлағандай, 7 жоба Қазақстан университеттері мен институттарымен ұсынылған – Назарбаев Университеті, «Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті» КЕАҚ, Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, «Көмір химиясы және технологиясы институты» ЖШС, Д. В. Сокольский атындағы «Отын, катализ және электрохимия институты» АҚ, Қазақстан-Британ Техникалық Университеті.
Орталық базасында сутегі технологиясын зерттеу зертханасында сутегін сақтау және тасымалдау жобасын іске асыру үшін.
– Жоба отандық шикізатты пайдалана отырып, кейіннен ауқымды өндірумен титан негізіндегі металл гидридтер түрінде сутекті сақтаудың қауіпсіз және оңтайлы әдісін әзірлеуді көздейді. Бұл дайын өнеркәсіптік материалдарды әзірлеу үшін отандық шикізатты пайдалануға мүмкіндік береді: сутекті сақтауға арналған қорытпалар. Қорытпалар механикалық легирлеу әдісі бойынша жасалады, содан кейін материалдың құрылымы, сорбциялық және десорбциялық сипаттамалары зерттеледі, сондай-ақ химиялық талдаулар жүргізіледі. Қорытындылай келе, қоршаған ортаға әсер ету мәселелері қаралады және сутегі энергетикасының өмірлік циклына баға беріледі, – дейді Сүлейменова Ботакөз зертхананың ғылыми қызметкері.Жалпы, Орталық командасы ҚМГ сутегі энергетикасымен байланысты барлық пилоттық жобаларын қолдауды және консультация беруді жүзеге асыратын болады.Сарапшылар ғылыми-техникалық консультацияларға, пилоттық жобалардың қорытындылары мен ұсынымдарын дайындауға және бейінді бағыт бойынша стандарттар мен бағдарламаларды әзірлеу кезінде қатысуды жоспарлайды.