Share

ҚМГ Инжинирингті дамыту игілігі үшін алған білімдерін іске асыру

ҚМГ Инжинирингті дамыту игілігі үшін алған білімдерін іске асыру

  • 29.02.2024
  • News-Kaz, News-Kk
  • Коммент өшірілген on ҚМГ Инжинирингті дамыту игілігі үшін алған білімдерін іске асыру

2024 жылы ҚМГИ қабаттың гидравликалық жарылу қызметінің сарапшысы Оксана Белоножкина конкурста жеңіске жетіп, «Серго Орджоникидзе атындағы Ресей мемлекеттік геологиялық барлау университетінің» (МГБИ) В.М.Швец атындағы Гидрогеология кафедрасының «Гидрогеология және инженерлік геологиядағы заманауи технологиялар» біліктілікті арттырудың қосымша бағдарламасы бойынша оқуға квота алды.

Конкурс шарттары бойынша оқыту ұйымдастырушының есебінен жүргізілді. Біліктілікті арттыру аясында Оксана Белоножкина жер асты суларын іздеу және барлау кезінде тау жыныстарының сүзу және сыйымдылық қасиеттеріне, олардың мұнай және газ кен орындарын іздеу және барлау жағдайындағы ұқсастықтары мен айырмашылықтарына жауап беретін негізгі параметрлермен танысты.

Оқытуды В.М. Швец атындағы Гидрогеология кафедрасының меңгерушісі Белов К.В. және кафедра оқытушысы РФ МҚК сарапшысы Егоров Д.В. жүргізді.

Оқу барысында келесі бағыттар бойынша тақырыптар қаралды:

жер асты суларын іздеу және барлау;

тау жыныстарының су-коллекторлық қасиеттері;

гидрогеологиялық зерттеулердің негізгі түрлері;

тәжірибелік жұмыстарды өңдеу және түсіндіру әдістемесі;

жер асты суларының қорларын бағалаудың қолданыстағы әдістері.

геологиялық-гидрогеологиялық жағдайлардың күрделілік санатына байланысты жер асты суларының қорларын бағалау және есептеу.

Бөлісу бағытындағы: