Share

ҚМГИ өкілдері Satbayev University базасында кездесу өткізді

ҚМГИ өкілдері Satbayev University базасында кездесу өткізді

  • 21.06.2022
  • News-Kaz
  • Коммент өшірілген on ҚМГИ өкілдері Satbayev University базасында кездесу өткізді

Жоғары оқу орын басшылығымен кездесудің себебі алдағы оқу жылына арналған KMGE School бағдарламасы бойынша ынтымақтастықты нығайту болды

Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университетінің ректоры Мейрам Бегентаев шағын бағыттағы кадрларды даярлау бойынша бірлескен жобаны жүзеге асырудың маңыздылығын атап өтті.

Сапар аясында компания өкілдері қазіргі таңда қызметтің негізгі жетістіктері туралы хабардар етті және студенттерді даярлау барысында күш-жігерді біріктіру, ҚМГ Инжиниринг тренерлері мен сарапшыларын тарту, ҚМГИ сарапшыларының жетекшілік етуімен өндірістік тағылымдамаларды ұйымдастыру, және де KMGE School бағдарламасының талаптарына сәйкес басқа да іс-шараларды жүзеге асыру туралы уағдаластыққа қол жеткізді.

Тараптар KMGE School жобасы аясында өзара әрекеттесу реттелген тетіктерін нығайту туралы, ҚМГ Инжиниринг талап ететін келесі оқу жылына арналған тар шеңберлі мамандандырылған кадрларды даярлау процесіне бірлесіп қатысу туралы уағдаластыққа қол жеткізді.

Анықтама:

KMGE School жобасы арнайы бағдарлама бойынша оқу, оқу және өндірістік практикадан өту және дипломдарды қорғау қорытындылары бойынша үздік студенттерді іріктеуді көздейді, ҚМГ Инжинирингке жұмысқа орналасудың ерекше мүмкіндігімен, осылайша отандық мұнай-газ саласының дамуына өз үлесін қосады.

Бөлісу бағытындағы: