Share

ҚМГИ кадрлық резервінің ең белсенді қатысушылары компания есебінен МВА біліктілігін алады

ҚМГИ кадрлық резервінің ең белсенді қатысушылары компания есебінен МВА біліктілігін алады

  • 29.07.2022
  • News-Kk
  • Коммент өшірілген on ҚМГИ кадрлық резервінің ең белсенді қатысушылары компания есебінен МВА біліктілігін алады

Кәсіби саладағы өз біліктілігін жетілдіруге бағытталған, біліктілікті үздіксіз арттыратын ең белсенді резервте тұратын қызметкерге компания қаланың жергілікті жоғары оқу орындарында магистр дәрежесін алуға мүмкіндік береді.
2021 жылғы желтоқсанда Кадр резерві қызметкерлерін оқыту және дамыту жоспары бекітілді, оған сәйкес резервте тұратын қызметкер үшін келесі бағыттар бойынша оқыту көзделген:

  1. Көшбасшылық
  2. Тайм-менеджмент
  3. Коммуникациялар

ҚМГ Инжиниринг кадр резерві қызметкерлерінің тізімі өткен жылдың соңында құрылғанын естеріңізге сала кетейік. Сол кезде 50 өтінім келіп түсті, содан кейін барлық үміткерлерге кешенді аудит жүргізілді. Бағалау қорытындысы бойынша басшылардың ұсынымдарын ескере отырып, компанияның филиалдарымен бірге, 40 қызметкерді қамтитын «ҚМГ Инжиниринг» ЖШС Кадр резервінің тізімін бекіту туралы» бұйрыққа қол қойылды.
Жобаның мақсаты – мансаптық өсуге ынталанған, кәсіби дағдылары мен басқарушылық біліктілігін дамытудың жоғары деңгейіне ие мамандар қатарынан басшы лауазымдардағы қызметкерлер арасында сабақтастық қағидаттарын қалыптастыру.

ҚМГИ қызметкерлерін басқару қызметінің ақпараты бойынша және талаптарға сәйкес келетін компанияның барлық қызметкерлері бүгінгі күні кадр резервіне кандидат бола алады. Олар үшін – бұл тек кәсіби білім мен біліктілікті көрсетіп қана қоймай, сонымен қатар мансап сатысына тез көтерілу үшін керемет мүмкіндік.
Компанияның саясаты жоғары білікті, сирек құзіретті кадрларды, бірінші кезекте резервте тұратын қызметкер өкілдерін жан-жақты дамытуға, қолдауға және ұстап тұруға бағытталған. Себебі, жеке кадрлық резервтің болуы басшыларды «сырттан» таңдау, оқыту және бейімдеу кезінде қаржылық және уақытша ресурстарды айтарлықтай үнемдеуге мүмкіндік береді. Тәжірибе көрсеткендей, резервтегі мамандар компанияның корпоративтік мәдениеті мен ерекшеліктерімен таныс және кәсіби міндеттерін орындауда әлдеқайда тиімді.

Бөлісу бағытындағы: