Қалай дербес түрде ұңғымаларға гидродинамикалық зерттеулер орындауға болады?

Қалай дербес түрде ұңғымаларға гидродинамикалық зерттеулер орындауға болады?

  • 15.11.2021
  • News-Kaz
  • Коммент өшірілген on Қалай дербес түрде ұңғымаларға гидродинамикалық зерттеулер орындауға болады?

Осы мәселеге ҚМГ ЕТК қатысуымен кезекті Зияткерлер клубы кездесуі арналды. Ол кездесуде ӨМГ өндіру департаментінің директоры Шырақбаев Дамир Әлібекқлы спикер ретінде толықтай «Өзенмұнайгаз» АҚ кенорындарында ұңғымалардың гидродинамикалық зерттеулердің (бұдан әрі – ҰГДЗ) күрделі түрлерін ұйымдастыру және орындауды басқару» тақырыбын ашты.

Талқылау аясында қонақ ӨМГ кенорындарында күрделі ҰГДЗ өз күшімен  орындау бойынша жобаны жүзеге асыру тәжірибесімен бөлісті. Сонымен қатар осы тапсырманың қиындығын және оның артықшылықтарын, экономикалық пайдасын және мамандандырылған қызмет көрсету компанияларын тартпай жүзеге асыруды атап кетті.

– 2012 жылдан бастап күрдле ҰГДЗ барлық түрлері «Өзенмұнайгаз» АҚ жұмыскерлерінің өз күшімен орындалады. Жұмыста біз заманауи технологияларды қолданамыз. Жабдықтар паркі және цифрлік қамтамасыз ету жұмыс атқарады. Қолданылатын саймандар арасында – параметрлерді өлшеу құралдары, өлшемдердің әмбебап менеджері, Kappa Saphir NL БЖ және басқалары, – деп баяндаушы айтты.

Өзінің презентациясында ол 2009-2021жж мерзімдерінде күрделі ҰГДЗ жүзеге асыру статистикасын көрсетті. Тек осы мерзімде жобаның экономикалық тиімділігінің есесі қайты және жылына 1000 ұңғ/зерт және жылына 174млн. тг асты.

Сонымен қатар, дәрісхана назарына ҰГДЗ 2024 жылға дейінгі әрекеттегі Стратегиясы ұсынылды, оның аясында алдыңғы жылдан бастап ЦИР инженерлері дайындалды және оқытылды, кадрлық резервке 8 жұмыскер кірді, ҰГДЗ бағыты бойынша басқа ЕТК және қызмет көрсету компанияларымен тәжірибе алмастырылды, жыл сайын құралдар паркінің жаңартуы мен қосымша жасақтауы орындалады және қашықтық басқару функциясы бар заманауи құралдар модельдерін жетілдіру орындалады, деректерді ауқымды пайдалану, жаңарту және БЖ кеңейту, соның ішінде компания кенорындарында мұнай өңдеуду талдау үшін, кіретін цифрлік сүйемелдеу орындалады, ҰГДЗ бойынша технологиялық нұсқауларды өзектілендіру аясында әдістемелің базаны жақсарту, Өзен және Қарамандыбас кенорындарында дауыс жылдамдығын анықтау және т.б. орындалады.

Кездесудің аяқталу уақытында қатысушалар арасында зерделілікке миниконкурс ұйымдастырылды. Спикер өз презентациясының тақырыбы бойынша екі айқындаушы сұрақтар қойды. Сол сұрақтарға шапшаң және дұрыс жауап берген адамдар болып ҚМГ Инжиниринг келесі жұмыскерлері болды – Абдрахманова Гульзира Сагингалиевна, өңдеу технологиясы мен ұңғыма ішкі жұмыстар қызметінің сарапшысы, және Есетов Жанболат Арманович,    ЕМК кенорындарын өндіру қызметінің аға инженері. Жеңімпаздарға сыйлық ретінде «Еңбекпен өрге өрлеген» (Қаламқас Сатыбалды), «Өзенмен өзектес өмір» (Үміт Жәлеке) атты кітаптар ұсынылды.

Бөлісу бағытындағы: