Share

Қазақстанның болашағы еңбекке қабілеті бар және дарынды жастардың сенімді қолында

Қазақстанның болашағы еңбекке қабілеті бар және дарынды жастардың сенімді қолында

  • 03.11.2021
  • News-Kaz
  • Коммент өшірілген on Қазақстанның болашағы еңбекке қабілеті бар және дарынды жастардың сенімді қолында

Балтабаева Дина – ҚМГ Инжиниринг Атырау бөлімінің ЕМГ кенорнының өндіру қызметінің инженері.

Жеке жетістіктер:

2021 жылы мен «Мүнайгаз ісі» мамандығы бойынша Сатпаев университетін аяқтадым және KMGE School бағдарламасының түлегі атандым. 2017 жылдан бастап KNTU SPE SC студенттік ұжымның мүшесі боламын, 2018-2019 жылдары «Language Development Group» басқардым, сонымен қатар «Annual Caspain Petrocongress-2019» ұйымдастыруда қатыстым.

Егер маған 2017 жылы менің осы салада инженер болатынымды біреу айтқанда, әрине сенбеуші едім. Бірақ, менің ойымша бәрі жақсы жақтан құрастырылады, осыған KMGE School бағдарламасы көмектеседі. Осы бағдарламаға қатысқаным менің жолымдағы үлкен қадам болды, және бұл сөзсіз дұрыс шешім болды.

Диплом алды тәжірибені өткен уақытта менің ұстазым біріктірілген модельдеу департаментінің Директоры Жаслан Узыканов болды. Қысқа мерзімде бөліскен білімі мен тәжірибесі, маған жарықшақты коллекторлардың өндіруін талдауда, күрделі кенорындарда мұнай беруді арттыруға бағытталған жобалық шешімдерді таңдауда, нақты тау кен геологиялық жағдайлар үшін жаңа технологияларды енгізуде көмектесті.

Осы жылдың тамыз айынан бастап ҚМГИ Атырау бөлімінің өндіру департаментінде ЕМГ кенорнын өндіру қызметінің инженері лауазымында жұмыс атқарамын.

Қазір Дина KMGE School бағдарламасы бойынша алынған білімін толықтай жұмыста қолданып жатыр. 3 айлық жұмыс мерзімінде «Забурунье кенорнын өндіруді талдау» орындалды, бұл кенорында полимерлі сулану жобасы сәтті жүзеге асырылып жатқан ЕМГ-ның үздік кенорындарының бірі болып табылады. Пайда болатын сұрақтар бойынша тұрақты қолдау мен көмекті ол Бектасов Азамат Амангельдіұлы басқаратын қызметінің ұжымынан алады.

Осы жобалық құжатты БИОК отырысындағы қорғау қараша айының соңына жоспарланған. Бұл мен үшін өзімнің білімімді көрсете алатын мүмкіндік жәні үлкен жауапкершілік. Маған қойылған үміттерді ақтауға, сонымен қатар дайындаған есептемені сәтті қорғауға тырысыман. Менің мақсатым – мұнайгаз саласын дамытуға, жалған кенорындарды МӨҚ арттыруға, қиын өндірілетін және тұтқырлығы жоғары мұнайларды рационалды өндіру үшін жаңа шешімдер табуға, Қазақстан болашағы еңбекке қабілетті және дарынды жастардың қолында екенін дәлелдеуге үлесімді қосу болып табылады!

Бөлісу бағытындағы: