Share

Сутегі энергетикасы – Қазақстандағы даму перспективалары туралы

Сутегі энергетикасы – Қазақстандағы даму перспективалары туралы

  • 02.11.2022
  • News-Kaz
  • Коммент өшірілген on Сутегі энергетикасы – Қазақстандағы даму перспективалары туралы

Сутегі энергетикасы бойынша семинар ҚМГ Инжинирингте өтті. Іс-шара жыл сайын қазан айында бүкіл әлемде атап өтілетін Сутегі мен отын элементтері күнін мерекелеумен ұштастырылды.

ҚМГ Инжиниринг үшін – бұл ерекше күн. 2022 жылы компания базасында Қазақстанда алғашқы Сутегі энергетикасы бойынша құзыреттілік орталығы құрылып, елімізде сутегі технологияларын зерттеу жөніндегі зертхана іске қосылды.  

Сутегі энергетикасы бойынша құзыреттілік орталығының өкілдері әріптестеріне «Сутегі энергетикасы: көк сутектің мәртебесі және өндірісі» өзекті тақырыбында өз баяндамаларын ұсынды.

Толық презентация аясында Орталық қызметкерлері бүкіл әлемде сутегі энергетикасын дамытудың өсіп келе жатқан әлеуеті туралы хабардар етті, атқарылған жұмыстарға талдау жүргізді және сутегі өндірісіндегі ҚМГИ міндеттері мен перспективаларын ұсынды.

– Сутекті жіктеудің негізгі критерийі оның экологиялық таза болуы болып табылады. Сутегі өндірісінде көміртегі оксидтері неғұрлым көп бөлінсе, соғұрлым экологиялық таза болады. Бүкіл әлемде сутегі стратегиялары тез ендірілуде. 2021 жылдың қыркүйегінен бастап 9 ел өздерінің ұлттық сутегі стратегияларын жариялады және бүгінде олардың саны 25-ке жетті. Олардың көпшілігі Еуропада орналасқан. Бүкіл әлемде сутегіге сұраныс артып келеді. 2021 жылы сұраныс 94 млн. тоннаға жетті. 2030 жылға қарай сутегіге сұраныс екі есеге артып, шамамен 180 млн. тоннаны құрайды, – деп Құзыреттілік орталығының жетекші инженері Алиса Ким болжамдармен бөлісті.

ҚМГ Инжинирингтің Қазақстандағы сутегі энергетикасын дамыту саласындағы атқарған жұмысы туралы айта келе, Орталық өкілдері ағымдағы жылдың қыркүйек айында GreenSpark компаниясымен білім алмасу және деректерді талдау үшін бірлескен зерттеулер жүргізу, және де электролизерлерді пайдалану бойынша практикалық тәжірибе алу мақсатында жасалған өзара түсіністік Меморандумы туралы айтып берді. 

– Орталық қызметкерлерінің Қазақстанда жасыл сутекті өндіру бойынша алғашқы пилоттық жобаны ресми іске қосуға қатысуы аясында Ақсай қаласында әріптестермен одан әрі бірлескен жұмыс туралы уағдаластыққа қол жеткізілді, – деп А.Ким хабарлады.

Бұл жоба электролизерлерді қуаттандыратын және өз кезегінде суды сутегі мен оттегіге бөлетін күн батареяларын қамтиды. Жәнее де, жүйеде суды тазарту сүзгілері бар, себебі электролизерлер сутегі өндірілмес бұрын судың таза болуын талап етеді.  Бұл біздің еліміздің энергетика тарихындағы бірегей алғашқы іске асыру, еліміздің ресурстарын іс жүзінде қалай тиімді пайдалануға және таза энергия өндіруге болатындығын көрсету үшін нарыққа маңызды кезең және сигнал.

Орталық өкілдері алдағы жоспарларымен бөлісе отырып, жақын арада ҚМГ Инжиниринг жасыл сутегі Альянсының құрамына кіруді жоспарлап отырғанын атап өтті. Альянс құру туралы шешім Қазақстандағы алғашқы жасыл сутегі форумы аясында қабылданды, оның негізін АХҚО Жасыл қаржы орталығы құрады. Қазіргі уақытта Альянстың мүшелері республикада жасыл сутегі өндірісімен байланысты 10-ға жуық компания болып табылады.

ҚМГИ сутегі технологияларын зерттеу Зертханасының ғылыми қызметкері Ердәулет Әбуов Солтүстік Каспий жобасының мысалында Батыс Қазақстанда көк сутегі өндірісі Тұжырымдамасы туралы айтып берді.

– Бүгінгі таңда Қазақстанда табиғи газдың үлкен қоры бар, бірақ Қазақстан ішінде газға сұраныстың артуына байланысты оның тапшылығы күтілуде. Өндірілген газдың 40% ірі жобаларда қабат қысымын ұстап тұру үшін кері айдау үшін қолданылады. Біз қазір СО2 шығарындылары бөлінетін сутекті өндіру үшін қазір айдалатын шикі газды (өндірілетін газдың 40%) пайдалану мүмкіндігін бағалаймыз. Әлемдік тәжірибе көрсеткендей, СО2 қабат қысымын ұстап тұру үшін де қолдануға болады. Мұндай тәжірибе СО2 айдау арқылы кен орындарында мұнай өндіру қарқынын жоғалтпай, шикі газдың қосымша көлемін босатуға мүмкіндік береді. Жақын арада біз СО2 айдаудың нақты кен орындарындағы өндірістік процестерге әсерін зерттеуге кірісуді жоспарлап отырмыз, – деді Е.Әбуов. Алдағы жұмысқа байланысты сарапшы отандық кен орындарында СО2 пайдалануды бірлесіп зерттеуге және МАӘ әзірлеушілерін ынтымақтастыққа шақырды.

Бөлісу бағытындағы: