Share

Мұнай-газ саласы үшін кәсіби кадрлардың тапшылығы бүгінгі жұмыс берушілерді персоналды іріктеуді ұйымдастыруда жаңа тәсілдерді енгізуге мәжбүр етеді

Мұнай-газ саласы үшін кәсіби кадрлардың тапшылығы бүгінгі жұмыс берушілерді персоналды іріктеуді ұйымдастыруда жаңа тәсілдерді енгізуге мәжбүр етеді

  • 04.05.2022
  • News-Kaz
  • Коммент өшірілген on Мұнай-газ саласы үшін кәсіби кадрлардың тапшылығы бүгінгі жұмыс берушілерді персоналды іріктеуді ұйымдастыруда жаңа тәсілдерді енгізуге мәжбүр етеді

Лаура Сүлейменова

Бұл тапсырманы шешудегі тиімді бағыттардың бірі мамандандырылған ведомстволық институттарда және олардың бейінді жоғары оқу орындарындағы кафедралары базасында практика арқылы студенттерді болашақ жұмыс берушілер қызметінің ерекшелігіне ерте бейімдеу болып табылады.

Соңғы тиімді тәсілді ресейлік «Газпром» және «Лукойл» ірі компаниялары Губкин атындағы Ресей мемлекеттік университетінде сәтті жүзеге асыруда.

Біз осы құрметті жоғары оқу орны мен «Газпром» кафедрасының түлектерінің бірі – «ҚМГ Инжиниринг» ЖШС «ҚазмұнайгазҒЗЖИ» филиалының керн арнайы зерттеулер зертханасының жетекші инженері Евгений Пенскиймен әңгімелестік.

– Біздің университетте мұнай-газ ісі мамандануы бойынша түрлі кафедралар ұсынылғанын атап өткім келеді. Мен мұнай және газ кен орындарын игеру факультетінде оқыдым, сондықтан бірінші курстан бастап біз мамандық бойынша практикалық дағдыларды «Газпром ВНИИГАЗ» ААҚ мұнай-газ қабаттарын инновациялық зерттеу жаңа кафедрасында меңгердік. Біз қазіргі таңда геомеханикалық зерттеулер зертханасы жұмыс істеп жатқан жұмыстармен сол кезде айналыстық. Осыған ұқсас кафедра және басқалары университетте «Лукойл» компаниясының атынан жұмыс істейді. Студенттердің бір бөлігі осы компаниялардың ведомстволық ғылыми-зерттеу институттарына практикаға жіберілді.

Бұл бірінші курстан бастап студенттер үшін жетекші компаниялар – әлеуетті жұмыс берушілердің талаптары мен стандарттары бойынша жұмыстың практикалық дағдыларын игерудің және жоғары оқу орнын бітіргеннен кейін оның қабырғасынан нағыз кәсіпқой болып шығудың тамаша мүмкіндігі екеніне сенімдімін. Тағы бір плюс – студент дипломды қорғауға өзі жасаған және растаған дайын зерттеулермен барады. Мен «Харасавейское» кен орнының деректер базасында бір жарым жыл жұмыс істеп «Метиленді көк бояу бойынша терригенді жыныстардың катиондық алмасу сыйымдылығын анықтау әдістемесі» атты дипломдық жұмысты өте жақсы бағамен қорғадым.

– Осындай кафедралардың түлектерін жұмысқа орналастыру процесі қалай өтіп жатыр?

– Түлектер арасында іріктеу болады, соның нәтижесінде компаниялар жұмысқа шақырады. Мені «Газпром ВНИИГАЗ» ААҚ жұмысқа шақырды, бірақ компаниялар акцияларының 50% мемлекетке тиесілі болғандықтан, маған Қазақстан азаматтығын Ресей азаматтығына ауыстыру талап етілді. Мен азаматтығымды өзгерткім келмеді және бастапқыда Қазақстанға оралуды жоспарладым. Сондықтан, 2014 жылы университетті бітіргеннен кейін мен отаныма оралып, бір жылға жуық жұмыс іздедім. Содан кейін сауда компаниясына жұмысқа тұрдым, одан кейін – «ҰИПИмұнайгаз» АҚ жұмысқа орналастым, ал 2017 жылдан бастап ҚМГ Инжиниринг «ҚазмұнайгазҒЗЖИ» филиалында жұмыс істеймін.

– Біздің институттың командасындағы өз жұмысыңыз туралы айтып беріңізші.

– Соңғы 4 жыл ішінде мен беріктік пен серпімділік шектері, деформациялық, серпімді және акустикалық модульдер мен коэффициенттер, беріктік паспортының көрсеткіштері (кесуге шекті қарсылық және ішкі үйкеліс бұрышы) сияқты көрсеткіштерді анықтауға мүмкіндік беретін геомеханикалық зерттеулермен тікелей айналысамын. Бұл көрсеткіштер болашақ бұрғылауды немесе кен орнын игеруді одан әрі модельдеу үшін маңызды. Бұл жұмыста маған университетте алған шетелдік жабдықтармен жұмыс жасау және зерттеу тәжірибесі көп көмектесті. Мен біздің «ҚазмұнайгазҒЗЖИ» елдегі бірегей және жалғыз NER компаниясының Autolab 2000 американдық жабдығы бар екенін мақтан тұтамын, ол модельдің негізіне түсетін нақты деректерді алуға мүмкіндік береді.

– Өзіңізді ғылыми қызметте көрсете алып жатсыз ба?

– Әрине, мен DeGolyer&MacNaughton компаниясының геомеханика жөніндегі сарапшы-кураторы Алехин Ильямен ғылыми мақалалар дайындауға қуана қатысамын. Мақалалардың бірі С.Нұржанов кен орны жыныстарының геомеханикалық қасиеттерін есептеу үшін кернді зертханалық зерттеуге арналған. Геология, флюидтерді физика-химиялық зерттеу бағыты бойынша «ҚМГ Инжиниринг» ЖШС жас кадрлар арасындағы үздік ғылыми жұмыс» конкурсына қатыстым. Кен орнын толық барлау жұмысы үшін «Қаражанбасмұнайдан» алғыс хат алдым.

– Бос уақытыңызды қалай өткізесіз және өзіңізді болашақта қалай көресіз? – Мен Шығыс Қазақстан облысының тумасымын, ата-анам сол жерде тұрады. Сондықтан Ақтауда жалғыз тұрамын, бос уақытымда – көп оқимын, теңізде қыдырамын, достарыммен саяхаттаймын. Болашақта мен өзімді геомеханикалық зерттеулер саласының маманы ретінде көремін. Мен өз әріптестеріме өте ризамын, бізде тамаша ұжым және алғашқы тәлімгерім – Әміров Саинге жұмысымның алғашқы жылдарында қолдау көрсеткені үшін алғысымды білдіремін. Мен өзім үшін қызықты және перспективалы мамандықты таңдағаныма қуаныштымын.

Сұхбатыңызға рақмет!

Бөлісу бағытындағы: