Share

ЗИЯТКЕРЛІК ЕҢБЕГІ ҮШІН МАРАПАТ

ЗИЯТКЕРЛІК ЕҢБЕГІ ҮШІН МАРАПАТ

КМГ Инжинирингте «КМГ Инжиниринг» ЖШС жас кадрларының үздік шығармашылық жұмысы» байқауының жеңімпаздарын дипломдармен марапаттады.

Байқауға қатысушыларды салтанатты марапаттау рәсіміне Компанияның Бас директоры Б.Хасанов пен байқау комиссиясының төрағасы Е.Огай қатысты.

Қалыптасқан дәстүр бойынша Б.Хасанов жеңімпаздарды құттықтап, Оқытуды ұйымдастыру қызметінің күшімен соңғы екі жылда жүзеге асырылған жобаның маңыздылығын атап өтті.

– Байқаудың басты мақсаттарының бірі – ҚМГИ жас қызметкерлерін және олардың тәлімгерлерін қолдау. Біз кәсіби білікті кадрлардың ауысуын азайтып, олардың мансап сатысымен жоғары көтерілуіне және жалақысын арттыруға мүмкіндік беруді мақсат етіп отырмыз.

Өз кезегінде комиссия төрағасы Евгений Кипониевич жеңімпаздарды марапаттай отырып, авторлары финалға лайықты түрде өткен осы жылы ұсынылған жұмыстарға жоғары баға берді.

Сонымен қатар, ол жастардың жаңа бағыт – жасыл химияны зерттеудегі белсенділігін ерекше атап өтті.

Байқауды ұйымдастырушылар бұдан да көп үміткерлерді 2023 жылғы байқауға тарту мақсатында жас мамандармен кері байланыс арнасын кеңейтуді жалғастырады, олардың пікірі мен жобаны жүзеге асыру тәжірибесін ескере отырып.

Айтпақшы, онлайн-платформа арқылы шараға қосылған өңірлердің жеңімпаздары – Атыраулық филиалы мен «ҚазҒЗЖИмұнайгаз» филиалы компания басшылығының атынан жылы лебіздерін естуге мүмкіндік алды. Естеріңізге сала кетейік, қазіргі уақытта компания мамандары әр алты ай сайын желілік басшыны айналып өтіп, жұмыс орнындағы Персоналды басқару қызметіне тиісті өтінішпен жүгінуге, өз білімдері мен дағдыларын бағалаудан өтуге және олар расталған жағдайда жоғары позицияға немесе жалақы деңгейіне ие болуға мүмкіндік алады. Бұл ретте штат кестесінде сұралған бос лауазымның болмауына байланысты шектеулер жоқ, қажетті лауазым құрылатын болады.

Бөлісу бағытындағы: