Share

ҚМГ Инжиниринг қызметкерлері ҰОС ардагерлерін келе жатқан мерекемен құттықтады

ҚМГ Инжиниринг қызметкерлері ҰОС ардагерлерін келе жатқан мерекемен құттықтады

  • 05.05.2023
  • News-Kk
  • Коммент өшірілген on ҚМГ Инжиниринг қызметкерлері ҰОС ардагерлерін келе жатқан мерекемен құттықтады

Жеңіс күні қарсаңында ҚМГ Инжиниринг өкілдері – Жас мамандар кеңесінің мүшелері және Әкімшілік қамтамасыз ету және әлеуметтік қолдау қызметінің сарапшылары Астанадағы Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне барып, Отанды қорғауға қосқан үлесі үшін алғыс білдірді.

Компаниядағы бұл акция ұзақ уақыт бойы жыл сайынғы форматқа ие болды және қалыптасқан дәстүр бойынша ұжым ерікті түрде майдан ардагерлері мен тыл еңбеккерлеріне қолдан келгенше материалдық көмек көрсетеді, олар өкінішке орай жыл сайын азайып келеді, алайда сол қаһарлы және қорқынышты жылдардағы олардың ерліктері мәңгі есте қалады!

Биылғы жылы ҚМГИ сарапшылары және Бас кеңсе ұжымының ортақ ат салысуымен екі ардагерді құттықтап, олардың әрқайсысына гүл шоқтарын табыстап, 100 мың теңгеден қаржылай көмек көрсетті:

КАЗАК ВЛАДИМИР ИОСИФОВИЧ 1930, ТЫЛ ЕҢБЕККЕРІ

ШКУРКО ФАИНА МАРТЫНОВНА 1932, ТЫЛ ЕҢБЕККЕРІ

Бөлісу бағытындағы: